Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Ғажайып зымыран

12.04.2024

Күншуақ тобы                                                                            11.04.2024.

Білім беру саласы:  «Шығармашылқ»,  «Таным»

Тақырыбы: «Ғажайып зымыран»

Мақсаты: Балаларға жер ғаламшары, ғарышқа ұшулар туралы мәләмет беру.                         Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш, ғарышкерлері                      туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру.                                                                      Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, таныстыру, сұрақ-жауаптар, ойын.

Қолданылған құрал-жабдықтар: желім, ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар.

Оқу іс-әрекетінің

түрлері

                   Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Жылулық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын шұғла таратты

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң балабақша!

Қайырлы таң балалар!

 

Педагогпен бірге жылулық шеңберін орындайды

                     Ұйымдастыру-кезеңі

Балалар, біз Жер ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз. Біздің тұрып жатқан мекеніміз.

-Балалар, мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин. Ол 1961жылы 12-сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Содан бастап 12-сәуір «Ғарышкерлер күні»    деп аталып келеді. Сонымен қатар, біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар. Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров  пен Талғат Мусабаев. Талдықорған қаласының Өтенай ауылының тұрғыны, жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері, халық қаһарманы.

Ғарышкер болу үшін денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда арнайы «скафандр» киімін киеді. Ұзақ уақыттан бері ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зертттеулер жасап, ғарышты әлі зертеп жатыр. Әлі ашылмаған қаншама жаңалықтар бар.

    Жұмбақ

Ұшады қанатсыз,

Зымырайды аяқсыз.

-Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар балалар!

Балалар, ғарышқа ұщу үшін қандай көлік керек?

Дұрыс айтасыңдар.

Зымыран ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлығы біздің Қазақстанның Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар, осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан ұшады.

Ал балалар, енді біз түрлі-түсті қағаздардан зымыран бөлшектерін құрастырып, жапсырайық.

Қимыл қозғалысы  ойын:

«Ұшты-ұшты» ойыны

Шарты: ұшатын затты айтқанда балалар қол шапалақтайды, ұшпайтын заттары айтқанда аяқтарын топылдатады.

                  Сергіту сәті:

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай қанат қоғамыз,

Көбелек болып қонамыз.

 

 

-Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

(суреттері көреді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Зымыран

 

-Зымыран.

 

 

 

 

 

 

-балалар орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

-балалар сергіту сәтін орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

 

 

Қорытынды бөлім.

Біз қандай ғаламшарда тұрамыз?

Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер?

 

 

Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

Қағаздан не жасадық?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-жер

Талғат Мусабеав,

Айдын Айымбетов, Тоқтар Әубәкіров

-скафандр деп атайды

-Зымыран

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ғарыш алаңы Байқоңырды, қағаздан зымыран жасауды.

Түсінеді: қазақтың тұңғыш ғарышкерлерін

Меңгереді: ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын:

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст