03.12.2025
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру,еңбекке деген қызығушылықтарын ояту,үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекілігі: ойынға қажет құралдар.
Мотивациялық-қозғаушылық
-Сәлеметсіздер ме,балалар.
Қош келдіңіздер!
Шаттық шеңбері:
Қол алысып қане біз.
Достасайық бәріміз.
Армысың Алтын күн
Армысың достарым
Сендерді көріп қуандым!
-Бір бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,Қайырлы таң тілейік.
-Қайырлы таң,достар.
-Балалар, сіздерді балабақшаға күнде таңертең ата-аналарың әкеледі.
-Ал,өздері қайда кетеді?
-Олар жұмыста не істейді?
-Дұрыс, еңбек етеді.
-Мен де жұмыс жасаймын,қалай ойлайсыңдар мен қайда жұмыс жасаймын.
-Кім болып жасаймын, мамандығымды қалай атайды.
-Ал,сіздердің ата-аналарың кім болып жұмыс жасайтынын білесіздер ме?
(Әр баладан сұрау)
Маман иелері кіру сәтті:
Еркеназ: Ұстаз ана болды ол
Әрқашанда біздерге
Бар балаға берді ол
Қуанышпен өнеге
Раяна Аспазшы: Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
Айзере шаштаразшы: Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма
Абильхан дәрігер: Кішкене әлі баламын
Таудай болар талабым
Ақ халатты абзал жан
Мен дәрігер боламын
-Көрдіңіздер ме,барлығымыздың ата аналарымыз еңбек етеді.Әр адамның өз мамандығы бар екен.
Сендер өскенде кім болғыларың келед?
-Бүгін сендермен саяхтатқа шығуды ұсынамын.
Саяхатқа барлығымыз автобуспен шығамыз.
Автобус біздерді балабақша алдында күтіп тұр.
-Автобус айдайтын адамдардың мамандығын қалай атайды?
-қазір мен сендердің ішіңізден бір баланы жүргізуші қылып таңдаймын, қанекей кім болады.
Автобусқа өз орындарымызға жайғасайық.
Автобус айдайтын адам бұл – жүргізуші,ал қалған адамдар кімдер болады.
Автобуста қалай отыру керек.-Жүргізушінің арнайы куәлігі болады.
-Ендеше ,жүрейік,жүргізуші мырза!
(Аялдамаға тоқтау)
-Мінекей бірінші аялдамаға да келіп қалдық,қанекей автобустан түсейік, біз қайда келдік?
-Иә,бұл асхана. Бұл тағамдарды дайыдайтын ас үй бөлмесі. Бұл тағамдарды пісіретін дайындайтын адамдарды аспазшы дейміз.
Айтыңыздаршы аспазшылар жұмыста не істейді.
-асты қалай дайындайды
-Аспазшылар тамақ пісіруі үшін қандай құралдар пайдаланады.
-Қараңыздаршы өз жұмыстарына қаншама құралдар пайдаланады екен.
Сендердің аналарың тамақ пісіріп бере ме. Қандай тамақтар пісіреді.
-Дәмді ме?
-Бүгін біздер екі топқа бөлінеміз
1-ші топ тапсырмасы: «Мамандықтар құралы» көлеңкесін табу
Аспазшы сорпа мен шырын дайындау үшін көкөністер мен жемістерін бір біріне араласып кеткен сендер соны тауып себетке саламыз
2-ші топ тапсырмасы: «Көкөністер мен жемістерді ажырату»
Сорпа пісіру үшін аспазшы қандай көкөністер түрлерін пайдаланады
(балалардың жауабы)
-Иә,осының барлығын біз сөзбен не деп айтамыз?
Жарайсыңдар! Ал,шырын қайнату үшін қандай жемістер пайдаланады.
Жарайсыңдар! Өте дұрыс айттыңдар!
-Балалар,әрі қарай жолға шықпас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: (Музыка әуенмен)
-Балалар,бұл келесі аялдамаға да келдік.
-Біз қайда келдік?
Шаштараз екенін қайдан білдіңдер?
-Дұрыс айтасыздар,бұл құралдар кімнің құралдары екен?
-Бұл жерде не жұмыс атқарады?
-Иә,адамдарды әдемі қылады. Шаштаразшының құралдарын еске түсірейікші.
Қанекей барлығың үстелдің үстіндегі тапсырманы орындайық.
Ойын: «Шаш қию»
-Қане жұмысқа кірісейік.
-Жарайсыңдар балалар!
-Саяхатымызды жалғастырайық, автобусқа жайғасайық.
-Келесі аялдамаға да жеттік.
Біз қайда келдік
Дұрыс айтасыздар,Дәрігер келдік
Дәрігер екенін қайдан білдіңдер?
-Өте жақсы
Сендер қандай дәрігерлерді білесіздер?
Дәрігерлер қандай қызмет жасайды?
-Айтыңдаршы дәрігерлер өз жұмыстарына қандай құралдарды пайдаланады?
Осы құрал жабдықтардың барлығы қайда тұрады?
-Ал, мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Топқа бөлінеміз.
1ші топ тапсырмасы: «Мамандықтар түрлері» құрастыру
2 ші топ тапсырмасы: «Дәрігердің құралын ажырату»
Мына үстелдің үстіндегі қобдишаның ішінде көп және әр түрлі құралдар бар екен,ал сендер дәрігерге керекті құралдардың атын атап көрсетіңіздер.
-Ойынды жақсы ойнап дұрыс атадыңыздар. Жарайсыңдар!
Балалар ,бүгінгі саяхат сіздерге ұнады ма?
Келесіде міндетті түрде басқа жерлерге де саяхатқа шығатын боламыз.
Қанекей, барлығымыз қайта автобусқа мініп, балабақшамызға қайтайық
Орнымызға жайғасамыз
-Мінекей , балабақшамызға деа келіп қалдық.
-Балалар болашақта кім болғыларың келеді. Сол мамандықты таңдап әңгімелеп беріңіздерші.
«Додакаэр» Біз болашақта кім болам!
Жұмыстарды кімдер жасайды?
-Иә,дұрыс біз олардың еңбегін бағалап,құрмет
Жарайсыңдар!
Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетке өте жақсы қатысуға тырыстыңыздар,Сіздерге көп рақмет.