Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейрамдар ертеңгілік "Жақсылық пен ізгілік күні"

Балабақшамызда жаңа оқу жылы басталысымен жоспар бойынша ертеңгіліктер өткізіле бастады.1қазан Қарттар күніне арналған «Жақсылық пен ізгілік күні» тақырыбында ертеңгілік болып өтті.Ертеңгілігіміздің қонақтары ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің ата-әжелері шақырылды. Еңбек ардагерлерін бүлдіршіндер музыка залында шағын концерттік бағдарламамен қарсы алды.Әже-аталарына тақпақтарын арнады,ән айтты,би биледі.Тіпті олармен дидактикалық ойындар да ойнап ,әжелерінің көңілін бір көтеріп тастады.Өз қолдарынан шыққан сыйлықтарын да тапсырды.Құттықтау сөзімен келген қонақтарды балабақша меңгерушісі Өрік Қабатайқызы ортаға шығып құттықтап,оларды балабақша қызметкерлері арнайы дайындаған мерекелік дастарханға шәй мәзіріне  шақырды.Әжелеріміз шәй ішіп,тәттілерден ауыз тие отырып ,Өрік Қабатайқызы басқарған балабақша ұжымына алғыстарын білдірді.Дастархан басында әжелеріміз «ауылдың алты ауызы» ән де шырқап берді.Ән шашу екі тілде орыс және қазақ тілінде айтылды.Еңбек ардагерлері балабақшадан көтеріңкі күйде үйлеріне қайтты.

 

Жаңартылған күні: 22.11.2019 15:33
Құрылған күні: 22.11.2019 15:33

Текст