Тақырыбы: «Дыбыстар елінде» (Саяхат сабақ)
Білім беру саласы: Шығармашылық
Интеграция:
Сауат ашу (дыбыстар мен әріптер)
Қарапайым математика
Музыка
Сурет салу
Мақсаты:
Балаларды сөйлеу тіліндегі дыбыстарды есту, ажырату және дұрыс айтуға үйрету:дыбыстарды сөз ішінде қолдануға және олармен ойын түрінде жұмыс істеуге дағдыландыру;сан мен заттарды сәйкестендіру ,есеп шығару.
Міндеттері:Дыбыстардың ерекшелігін ажырата білуге үйрету .Берілген дыбыстардан сөз, буын, сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.Музыкалық ырғақ пен интонация арқылы сөйлеуді мәнерлеп айту.Есте сақтау, назар және шығармашылық қиялды дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Дыбыс карточкалары , суреттер (аңдар, табиғат құбылыстары), музыка, бояулар, қағаз, сиқырлы көл,сиқырлы жол, пластасс ине ,түрлі-түсті жіп. (әр дыбыс тапсырмасымен).
Оқу іс-әрекетінің барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң ,достарым!
Қайырлы күн болсын!
Аптаның әр күні ,
Сәттілікке толсын!
(Балалар шеңберге тұрып, тыныштықты тыңдайды — “құстардың үні”, “жел”, “сағаттың тықылы” деген жазылған аудио немесе имитация.)
II. Кіріспе бөлім — «Дыбыстар еліне жол» сиқырлы жолдармен.
Тәрбиеші:
– Балалар, біз қазір сиқырлы Дыбыстар еліне барамыз. Бұл елде әр дыбыс өз дауысымен өмір сүреді. Бірақ олардың бірі жоғалып қалыпты! Біз тапсырмаларды орындап, дыбыстарды тауып алуымыз керек.Ол үшін бізде сиқырлы жолдар бар,сол жолдар арқылы біз дыбыстар еліне де жетеміз»
III. Негізгі бөлім
🏰 1-аялдама: А дыбыстың қалашығы
Тәрбиеші:
-Бұл А дыбысының қалашығы .
– “А” дыбысы қандай дыбыс? (дауысты,қызыл түспен белгіленеді)
– Айтайық бәріміз бірге: А-а-а!
-А дыбысының тапсырмасың орындауға дайынсындар ма ?
1.Тапсырма :
Сөз ойыны: “А” дыбысы бар сөз айт (алма, ата, ара, ана)
А дыбысына басталатын суреттегі заттарды тауып ,қосу .
Тәрбиеші:Балалар ,келесі аялдамаға барайық .
2-аялдама: Ш дыбыстың орманы
Тәрбиеші: (ормандағы желдің дыбысы қойылады )
-Қандай дыбыс естіліп тұр?(Ш-ш-ш дыбысы )
– Бұл орманда “Ш” дыбысы тұрады.
– Қане, бәріміз “Ш”.дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы.(шаңа,шағала,шалқан,шелек )
2.Тапсырма: Осы ормандағы Орманшыға көмектесейк ,ол жалғыз аңдар мен құстарды санай алмай жатыр .біз санап берейік .
(Балалар аңдарды,құстарды санайды ,есеп шығарады)
Сергіту сәті: музыкамен жасайды .
3-аялдама: О дыбысының көлі . (көл О дыбысына ұқсайды)
Тәрбиеші:О дыбысы сендерге қандай тапсырма дайындап қойғаның ,көрейік .
(Мысалы: Оттың суретінің астында ОТ деген жазуда О дыбысы жоқ.Қандай дыбыс жоқ балалар айтады,тәрбиеші жазып қояды.)
Артикуляциялық жаттығу: «Көңілді бақа»
(Музыкамен бірге)
Тапсырма : балалар пластмас ине және де түрлі-түсті жіптермен әр түрлі бейнелер шығаратын болады.Оюды бояйды. Мысалы: асық,ою.
V. Қорытынды бөлім:
Тәрбиеші:Кімге қандай аялдама ұнады ? Немен ұнады? .Тәрбиеші сұрақтар қояды .
Қорытынды:
Бүгін сендер «Дыбыстар» еліне саяхатқа барып тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар .Сендер бүгінгі өқу іс-әрекетіне белсенді қатысқандарын үшін сендерге әрине тәттілер дайыдап қойдым.
🧺 Күтілетін нәтиже:
Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.
Дыбыстарды естіп, қайталап, сөздерден таба біледі.
Фонематикалық есту және артикуляция дағдылары дамиды.
Дыбыстарды шығармашылық әрекетпен (сурет, қимыл, музыка) бейнелей алады