Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысыбілім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ" бөбекжайынығ 2023-2024 қу жылының есебі

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» МКҚК бөбекжайының 2023-2024 оқу жылының педагогикалық ұжым жұмысын талдау

 

МКҚК «Болашақ» бөбекжайының 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс қорытындысы.

 2023-2024 оқу жылының жылдық есебі

2023 -2024 оқу жылында бөбекжай жұмысы жоспарға сай жұмыстар атқарды. Оқыту мен тәрбие жұмысы Мемлекеттік Стандартқа сай құрылды.      Оқу тәрбие жұмысында тәрбиешілер жаңаша бағдарламамен жұмыс атқара отырып жақсы  жетістіктерге қол жеткізе алды. Балалардың денсаулықтарын қадағалап, сақтай  отырды. Олардың психологиялық жетілулеріне көңіл арта білді.      2 жас пен 5 жас аралығындағы балаларға жас ерекшеліктеріне қарай оқыту жұмысы ұйымдастырылды.

 

Бөбекжайымызда қазіргі таңда 79 бала тәрбиеленуде, оның ішінде: 2 жас кіші топтары- 1 топ; 3 жас ортаңғы тобы-2 топ; 4 жас ересек топтары-1 топ;

5 жас мектепалды тобы-2 топ, барлығы: 6 топ.

Педагогикалық кұрамы: 11 педагог жұмыс атқарады; оның ішінде:

1- меңгеруші, 1-әдіскер, 8-тәрбиеші,  1және дене шынықтыру нұсқаушылары.

Біліктіліктері:

Басшы ұйымдастырушы -1

Эксперт- 0

модератор- 1

1-категория-0

ІІ – категория – 2

Санатсыз -8

Бөбекжай ұйымында тамақтану жүйесін қадағалау:

Ас мәзірі 4 мезгілге байланысты  жасалады.

1.Балалардың ішетін астары дәрумендермен қамтылады.

2.Тамақ кестесі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

3.Санитариялық талаптарды сақтау жағдайына  байланысты ас блогының сапасына жеткізілетін өнімдерді, оларды сақтау, дайындау

және тарату тағамдардың қапуіпсіздігін қамтамасыз етілуде.

2023-2024 оқу жылы №1педагогикалық кеңестен басталып, барлық құжаттар бекітілді.

Жалпы ата -  аналар жиналысы жылына   2 рет жоспарланған  және 1 рет кезектен тыс өткізілді.

Балалармен жүргізілген жұмыс.

      2023-2024 жылы бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес қойған  мақсаттар мен міндеттерге жету үшін, барлық педагог мамандармен, ұжыммен жұмыс жасалды. Балалардың қажеттілігін қанағаттандыру, өмірі мен денсаулығын нығайту үшін жыл бойы қызықты мерекелік, спорттық іс- шаралар өткізіліп отырды.

Қыркүйек айының бірі күні Білім күніне орай барлық топтарда  «Білім күні» тақырыбында мерекелік ойын-сауық өтті. Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай  «Тілім менің тірегім!» тақырыбында ересек және мектепалды тотптарында интеллектуалдық ойын, ортаңғы топтарда танымдық сағат өтті.  «Денсаулық күніне» орай «Менің тату отбасым» отбасылық спорттық ойын-сауық өтті,  топ ата-аналары отбасымен сайысқа қатысты. Ата-аналар белсенді болды... «Балалардың қазіргі қызығушылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Өзекті деген ата-аналар сұрақтарына жауаптар берілді. Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды.

Қазан айында қарттар күніне орай « Менің атам және әжем» тақырыбында балалардың ата-әжелерін құттықтау сәттерінен видео құттықтаулар бөбекжайдың ресми парақшасына жарияланды. Бірінші аптада «Жол» қозғалысындағы қауіпсіздік» апталығы өтті. Апталық аясында ата-аналар көмегімен «Жолда жүру» бұрышы құрылды. Екінші аптада дене шынықтыру нсұқаушысы ересек топтарымен «Епті бол» эстафеталық ойынын өткізді. Барлық топ тәрбиешілері «Өрт – бала көзімен» тақырыбында өрт қауіпсізідіге байланысты ойын-сауықтар және жаттығу өткізді. Жаттығу кезінде өрт болған жағдайда қалай бөбекжай ішінен тез шығуға болатынын көрсетті. «Өрт туралы не  білеміз?» топ тәрбиешілері әңгімелесу жүргізді.

Жаттығу кезінде бала қандай ойда болғанын әңгімелесу барысында талқыланды. Бөбекжай тәрбиешілері  кіші топтармен «Ойыншықтар әлемі» іс-шарасын өткізді. Үшінші аптада 25-қазан – Республика күні «Қыран елім - Қазақстаным» тақырыбында тәрбиешілер, музыка жетекшісі, хореограф бірлесіп салтанатты жиын өткізді. Төртінші аптада барлық топтарда «Күз байлықтары» ертеңгіліктері өтті. Бесінші аптада топ тәрбиешілері ересек топтармен «Ойын және музыка» рөлді, шығармашылық және дидактикалық ойындар тақырыбында іс-шара өтті. «Күз сыйы» қол бұйымдары көрмесі ата-аналар көмегімен ұйымдастырылды.                       

Қараша айында ересек және мектепалды топтары балалары арасында. Дене шынықтыру нұсқаушысы «Денсаулыкты калай сақтаймыз» акциясы аясында балалармен ғана жұмыс жасап шектелмей, бөбекжай қызметкерлеріне арналған да спорттық шаралар өткізді. Бір апта бойы бөбекжай қызметкерлері спорттық киіммен жүрді. Екінші аптада ортаңғы топтарда «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауығы өтті. Топ тәрбиешісі : Машрапова А.К ересек топ балаларымен «Ырғақты ойындар» сауығы өткізді. Дене шынықтыру нұсқаушысы, барлық топ тәрбиешілері үшінші аптада «Өрт кауіпсіздігі» ойын-сауығын өткізді.

 Желтоқсан айында ересек топ балаларымен топ тәрбиешілері  «Еркіндігім елдігім!»Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс- шаралар өткізді. Барлық топтың ұйымдастыруымен 25-қазан – Республика күніне орай «Тәуелсіз елім- Қазақстаным!» салтанатты жиын өтті. Акция аясында ортаңғы, ересек, мектепалды топ балалары арасында «Мен елімнің ұланымын» патриоттық мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. «Төрлет құтты жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылды.  Барлық топ тәрбиешілері ата-аналармен «Жасыл шырша жанында.» қол бұйымдары көрмесін дайындады.

Қаңтар айының бірінші аптасында «Жолда жүру  ережесін үйрету» тақырыбында әңгімелес барлық топ балаларымен жүргізілді. «Қызыл, сары, жасыл» деген тақырыппен көрме ұйымдастырылды. Мектепалды топ балалаларымен «Көшеде жүру ережелері», «Көшеде жүру белгілері», «Жол ережелері », «Жау жүргіншілер мектебі», «Ертегілер елінде де жол тәртібі қажет »  тақырыптарында топ тәрбиешілері ойын –сауықтар жүргізілді. «Қыстың әсем бейнелері» тақырыбында акция өткізді. Бөбекжай ішінде қыс мезгіліне сәйкес ойындар ойнатылып, бөбекжай ауласында әр топ тәрбиешісі өз тәрбиеленушілерімен қардан түрлі бейнелер жасап шықты. Екінші аптада топ тәрбиешілері «Мен ұқыпты жүргінші» тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Мектепалды топтарында «Жол  жүргіншілердің жолдан өту ережесін сақтау міндеті» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді.

        Ақпан айында барлық топта «Сиқырлы жол белгілері» жарысы өтті. бөбекжайда ашық есік күні болды.  «Күлше қызға көмектесейік» топ тәрбиешісі: Жармуханбетова Б.С  . «Ғажайып сандықша» мектепалды даярлық тобы, «Үй құстары» Амирова Г.Е . «Путешествие  в страну Математики » мектепалды даярлық тобы Шестакова А.В ,  «Көліктер» ортанғы топ тәрбиешісі: Арман Ө.  Оқу қызметтерін белсенді түрде өткізді.«Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналардың педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер көрсетілді.

Ақпан айының соңғы апталарында  «Көктемгі гүлшоғы» қол бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: аналар мерекесін дәріптеу, қыздар мен әжелерге гүл шоқтарын дайындау.

Наурыз айының бірінші аптасында Алғыс айту күніне орай «Бәріне рақмет» видеочелленджге қатысты. Ата-аналар мен балалар бөбекжайға алғыс айтып, видеоқұттықтау жолдады. Барлық топтарда «Ана гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы!» ертеңгіліктері өтті. Екінші аптада Ұлттық мұра бірлестігі «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» тақырыбында ұлттық құндылықтарға байланысты қызықты ойындар, танымдық сағаттар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Үшінші аптада барлық топтарда «Ұлыс оң болсын!» ертеңгіліктері өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысымен барлық топтар арасында «Ханталапай»  ұлттық ойындар байқауы өтті. Байқауға ата-аналар, педагогтер және балалар қатысты. Төртінші аптада дене шынықтыру нұсқаушысымен «Ұлттық ойындар» спорттық мерекесі өтті. Барлық топ балаларымен ұлттық ойындардан сайыстар өтті.

Сәуір айының бірінші аптасында бөбекжайында Ғарышкерлер күніне орай барлық топтарда «Ғарышкерлер күні» танымдық сағаты өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысымен «Біз көңілді баламыз» мерекелік шарасы өткізілді. Барлық топтарда «Мен бәріне бейбітшілік тілеймін!» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

«Біз мектепке барамыз!» МАД топтарында қорытынды жиналыстар өтті.

Мамыр . айынның бірінші аптасында 1 мамыр бейбітшілік күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді  7-9 мамыр  аралығында «Отан қорғаушылар» күніне орай  ересек және МАД топ балалары арасында «Біз- батыр елдің ұланымыз!»  «Бейбітшілік қорғанында!» апталығы өтті. Апталық аясында спорттық ойындар жарысы, ұйымдастырылған іс-әрекеттер, танымдық сағаттар ұйымдастырылды.Үшінші аптада аудандық семинар өтті. Семинарға көптеген бөбекжайдан меңгерушілер , әдіскерлер, тәрбиешілер келді.  Семинарымыз жақсы  мәреде өтті. Семинарға тәрбиеленушілер өте жақсы қатысты.. Төртінші аптада «Біз мектепке барамыз» балабақшамен қоштасу тәрбие сағаты  өткізілді. «Қарлығаш » және «Почемучки» мектепалды тәрбиешілері: Хасенова А.У және Шестакова А.В  бөбекжаймен қоштасу тәрбие сағатын өткізді.  

Педагогтардың кәсіби, теориялық, әдістемелік және іскерлік біліктілігін көтеру.

Мақсаты: Кәсіптік біліктілікті көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, жаңа педагогикалық технологияны іздеу және енгізу, оқыту-тәрбиелеу үрдісін жоғары сатыға көтеру, жетілдіру.

Жылдық жоспар бойынша тәрбиешілер, педагогтар  бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатымен педагогикалық байланыс орнатты. Жас педагогтар өз тәлімгерлерімен тығыз байланыста болып, күнделікті кіріктірілген іс-әрекеттерді ұйымдастыруда пікір алмасып отырды.

Барлық әдістемелік сағаттар, педагогикалық кеңестер уақытында өтті, барлық уақытта педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп шеберлік сағаттарын өткізіп отырды. Өз біліктіліктерін көтеруге төрт педагог өтініш білдірді. Тамыз айында тестілеуге барады.

Төмендегі педагогтар өз біліктіліктерін көтеру мақсатында қайта даярлау курстарын оқыды:

1. Садвакасова Б.Т. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы. «реализация иповой учебной программы дошкольного вспитания и обучения» 72 а/с. 07.08 -17.08.2023 ж.ж.

2. Арман Өмиргул  ҚР оқу-ағарту министрлігі. Балаларды ерте дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» 72а/с 07.08.-17. 08.2023 жыл

3. Шестакова А.В ҚР оқу-ағарту министрлігі. Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы.  «Развитие игровой компетентности педагога дошкольной организации» 72а/с 03.04-13. 04.2023 жыл

 4. Шаденова С.К  ҚР оқу-ағарту министрлігі. Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы. «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» 72 сағат 02.10-.12.10.2023ж

5. Хасенова А.У   ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру педагогі» 72 сағат 02.10-.12.10.2023ж

6. Ашимов А.Ж   ҚР оқу-ағарту министрлігі- ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы РМҚК. «Мектепке білім беру педагогтерінің, тәрбиешілерімен шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігімен дағдыларын дамыту» 80 сағат 25.08.2023 жыл

7.Машрапова А.К   ҚР оқу-ағарту министрлігі. «Өрлеу».Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акцинер қоғамы. «Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт- педагогикалық технлогиялар» 72 сағат 03.06-.1306.2024ж

8.Машрапова А.К   ҚР оқу-ағарту министрлігі. «Өрлеу».Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акцинер қоғамы. «М.Монтессори педагогикалық жүйесінің негіздері» 05.06-.1206.2024ж

 

3.Тақырыптық тексеріс:

«Қорытынды ұйымдастырылған  оқу қызметінің өткізу деңгейі» анықтама

4. Аттестациядан өтуге өтініш қабылдау.

5.Жазғы сауықтыру шараларын талқылау және бекіту

6. Тренинг

 

Барлық педагогикалық кеңестер дәстүрлен тыс әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. Әдістемелік сағаттарда педагогтермен шеберлік сағаттар мен тренингтер өткізіліп отырды. Әр педагогикалық кеңеске педагогтер бөлініп, әр педагог өз тақырыптары бойынша шеберлік сағаттар және іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңғы педагогикалық кеңес екі бөлімге құрылды. Бірінші бөлімі бөбекжай ішінде қорытынды есептері бойынша қорытылып, тренинг ойындарымен бекітілсе, екінші бөлімі таза ауада (выездной педсовет) педагогикалық сағат әдісі бойынша өткізілді.

Тұжырым: 2023-2024 оқу жылы бөбекжайымызда ұлттық құндылықтарды насихаттау жылы болып жарияланды. Барлық топтарға ата-аналар қолдауымен әр балаға жеке көрпешелер және де ұлттық киімдер тігілді. Әр жұма күні «Ұлттық киім» күні болып белгіленді, осы күні барлық қызметкерлер мен балалар ұлттық киіммен жүрді. Барлық топтар дамытушы орталықтарға бөлінді, бөбекжай тарапынан және ата-аналар қолдауымен топтар толықтай жабдықталды. Барлық топтарда қазақ бұрыштары құрылды, жартылай құрылған қазақ үй барлық топтың сәнін кіргізді. 

Балалармен өткізілген барлық жұмыс  жоспар бойынша жүйелі түрде өткізілді. Баланың қабілеті мен талантын дамытуға, өз-өзін дамытуына жағдай жасалды. Барлық құжаттар тігілді, жылдық жоспар бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Әр балаға жеке көңіл бөлінді. дамытуға керектігі: дамытушы орта, жұмыстың тиімді түрлері мен әдістері, балалардың қабілеттерін ашуға жағдай жасай, дамытушы орталықтарды толықтыру мақсатымыз толықтай орындалды деп айта аламыз.

 

 


Текст