Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: "Ас атасы -нан"

04.12.2025

Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің түрі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Ас атасы –нан.

Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техника аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Көрнекі құралдар: Астық суреттері, нан, бауырсақ

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, мақал-мәтел, тақпақтар, тиым сөздер айту.

Көрнекіліктер: Нан, бауырсақ, бидай дәні, ұн, қамыр, сюжетті

суреттер.

Сөздік жұмыс: нан-хлеб, бидай- пшеница.


 


 


 

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей , бәріміз,

Бас иейік үлкенге.

Ұйымдастыру –іздестіру:

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, балалар?

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Күз мезгілінің қандай айы бар?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша айлары


 

Балалар біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда барлық тағам түрлері болғанмен нанның орыны бөлек. Нансыз дастарханның сәні болмайды. Алдарыңда үстелдің үстінде нанның түрлері бар. Ақ нан, қара нан, бауырсақ, бөлке нан және шелпек.

Нан дастарханға қалай келеді? Тақтадағы суреттерге қарайық. Мұнда көп адамдар еңбек етеді. Алдымен көктемде трактормен жерді жыртып аламыз. Ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады. Жаз бойы оны дихандар үнемі суарып баптап күтеді, күзде астықты комбайндармен орады, орылған бидай қоймаға барады, қоймадан диірменге барады,

диірменде тартып ұн жасайды, ұнды наубайханаға тасиды. Ол жерде ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрі болады: бөлке нан, тоқаш, батон, торт, печенье, бауырсақ т.б.Нан дастарханға келгенше қаншама адам, қаншама еңбек етеді екен. Міне нан үйге осылай келеді.

Мнемокесте (бидай туралы тақпақ)

Нан-анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Мақал-мәтелдер:

1Нан бар жерде ән бар

3.Нарды сөкпе,
Нанды теппе.

4.Адамдықтан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ.

5.Ас атасы-нан.

Нан атасы дән.

6.Нан бар жерде- тірлік бар.

Нан туралы мынадай тиым сөздер бар.

Нанды лақтыруға болмайды.

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды аяқпен басуға болмайды.

1-тапсырма Құрастыру

Әр-түрлі нан өнімдері суретін құрастыру (бөлке,пирог, шелпек)

2-тапсырма Мүсіндеу

Тәрбиеші: балалар, ұнға тұз, су, ашытқы араластырып бауырсақтың қамырын дайындап ала келдім. Міне біздің дайын қамырымыз бар. Енді осы қамырдан бауырсақтың пішінін келтіреміз. Сосын сендерге бауырсақ пісіріп беремін. Балалар осы нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

- «Бауырсақ» ертегісін білеміз.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактормен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

Тәрбиеші: Нан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Нан қиқымын шашпаңдар, (Айсана)

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ерте тұрып таңнан (Адина)

Пісірді апам ақ нан.

Кетер емес әлі,

Таңдайымнан дәмі.

Тәрбиеші: Балалар, міне біздің бауырсағымыз да дайын болды. Бауырсақтың түсі қандай?

Балалар: - Бауырсақтың түсі сары.

Тәрбиеші: - Ал пішіні қандай?

Балалар: Пішіні дөңгелек.

3-тапсырма ҚМҰҚ

Себеттерге бауырсақтарды санап салу. (сан мен затты сәйкестендіру)

Тәрбиеші: балалар, нанды қайдан аламыз ?

Балалар: дүкеннен келеді.

Тәрбиеші: бауырсақты бізге кім алып келді?

Балалар: аспазшы алып келді.

Мадақтау

Күтілетін нәтиже

Білу: Нанның қадыр қасиеттін түсіну.

Түсінуге тиіс: Ас адамның арқауы.


 


 

Просмотров: 271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст