Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы:Ғарыш әлемі

12.04.2024

Тәрбиеші: Машрапова А.К

Күні: 12.04.2024

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Мақсаты:Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш рет айға ұшқан Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі мен еңбегін ұштастыра отырып балаларға Отанымызды қорғай білуге сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Қажетті көрнекі құралдар: слайдтар, тапсырмалар, аудио дыбыс.

 

    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

 

-Балалар, айтыңдаршы  қазір жылдың қай мезгілі?

-Осы көктем мезгілінің 12-сәуірі ғарышкерлер күні деп аталады.

Слайд арқылы  ғарыш әлемін түсіндіру.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғаламшар бар. Сол ғаламшардың үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламшарында  өмір сүреміз.

-Қайда тұрады екенбіз?

-Жерде басқа ғаламшарда жоқ нәрселер бар екен: су топырақ, ауа.

-Нелер бар екен?

-Сондықтан мұнда адамдар жан-жануарлар тіршілік етеді. Адамдар басқа ғаламшарда өмір сүруге болама екен деп тексеріп көргісі келді. Ол үшін басқа ғаламшарларға ұшып бару керек екен.

 

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

 

Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышері Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.

Тосын сәт: Аудио

«Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге ғарыш әлемінен хабарласып тұрмын. Сендер мені көрмейсіңдер ал мен сендерді көріп , бақылап жүремін. 12 сәуір ғарышкерлер мерекесіне орай сендерге тапсырмам бар, орындағыларың келе ме? Егер тапсырманы жақсы орындасаңдар, тәрбиеші апайларың сендерге сыйлық береді».

Қандай тамаша, тапсырма орындайық па балалар?

Жарайсыңдар.

 

1-тапсырма.

Дидактикалық ойын: «Ғарышкерге не қажет?»

Шарты: Ғарышкерге ғарышқа ұшу үшін не қажет екенін тауып  орналастыру.

 

Сергіту сәті:
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын

 

 

2-тапсырма.

Дидактикалық ойын:

1.«Зымыран құрастыру»

2. «Ғарышкерлердің  суретін құрастыру»

Шарты: Сандар бойынша зымыран құрастыру.

 

 

 

 

3-тапсырма.

 Тақпақ жаттау.

 Көкке  самғап ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның.

4-тапсырма.

Дидактикалық ойын: «Ғаламшар»

Шарты: Пластилинография әдісі арқылы ғаламшарларды мүсіндеу.

Қорытынды.

Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

Балаларды мақтау мадақтау.

 

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст