Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Үй құстары

10.04.2024

Тәрбиеші: Амирова Г.Е

Топ: «Күншуақ» ортаңғы тобы

Күні: 10.04.2024

Тақырыбы: Үй құстары.

Мақсаты:  Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру, үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету;

 Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері,ұя, жұмыртқа, тұзды қамыр,дидактикалық ойындар.

 

Әдіс-тәсілдері:  көрнекілік, сұрақ-жауап, сергіту, ойын.

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

Шаттық шеңбері:

Жарқын болсын күніміз

Жарқын шығар үніміз

Ер жетерміз ертең біз

Біз болашақ гүліміз

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Ғажайып сәт: Балалар қараңдаршы мынау не?

Тәрбиеші балалармен бірге қарайды , балалар бұл  құстың ұясы ғой.

Қарайық ішінде бірдеңе бар сияқты,балалар қарайды ұяның ішінде құстың жұмыртқасы бар екен. Бір үлкен,бір кішкентай жұмыртқа бар екен.Балалар бұлүй құстарының жұмыртқасы ғой,үлкені қаздың жұмыртқасы,кішкентайы тауықтың жұмыртқасы.Олай болса балалар бүгінгі іс-әрекетіміз үй құстары туралы болмақ. Үй құстары туралы білгілерің келе ме,ендеше мені мұқият тыңдаңдар.

Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Жем береді, ыдысқа су құйып береді,балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

Осы құстарды неге үй құстары дейміз? Себебі: Үй құстары – үйде өседі, аулада жайылып, адамдардың қарамағында болады. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес. - Балалар, кімнің үйінде құс асырайды?

Жақсы балалар сендер үй құстары жайлы білдіңдер,енді ойын ойнайық.

1.«Үй құстарын топтастыр» ойыны

Шарты: Балалардың алдына үй құстары және дала құстарының суреті беріледі ,соның ішінен тек үй құстарын тауып топтастыру.

2. «Анасын тап» ойыны
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен сызық арқылы қосады.
 

Сергіту сәті: «Шөжелерім» әніне билету.

 

3.« Құстар мозайка» ойыны

Шарты: Үстелдің үстінде қағаздан қиылған бөліктер жатыр. Осы бөліктерден құстарды құрастыруымыз керек.

4.Үй құстарының жұмыртқасын мүсіндеу.

Шарты: Тұзды қамырдан үлкен-кіші жұмыртқаларды мүсіндеу,салыстыру.

Тыныс алу жаттығуын жасау.

Шарты: Құстың қауырсынын түтікше арқылы үрлеп тыныс алу жаттығуын жасау.

Қорытынды:

Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек,күркетауық
Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Қандай қамқор көрсетеміз?

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар бүгін барлығың жақсы қатыстыңдар. Сендерге  рахмет.
 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст