Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы Көліктер

10.04.2024

  Ұйымдастырылған іс әрекеті. «Көліктер»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным» ,

Оқу іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту, жапсыру, құрастыру.

Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.Әлеуметтік,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық дағдылар мен физикалық қасиеттерін дамыту.

Әдіс тәсілдер: Топпен жұмыс жасау,

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.

 Шаттық шеңбер:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық

Таза ауаны жұтайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші:Балалар,қазір қай мезгіл?

· Балалар:Көктем.

· Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

· Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

· Өте жақсы, жарайсыңдар!

Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз «Көлік түрлері»

Балалар қазір экранда әртүрлі дыбыстар шығады,ненің дыбысы екенін анықтайтын боламыз.

Балалар тыңдайықшы дыбыс естілетін сияқты:ненің дыбысы екен?

Балалар ненің дыбысы екенін анықтайды.

Бүгінгі тақырыбымыз көліктер жайлы болады.Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңда

ма?

Олай болса автобуспен «көліктер әлеміне»саяхатқа шығамыз.Автобуспен балабақшаға,ауруханаға,базарға және тағы басқа жерлерге баруға болады.

Автобуста үлкендерге орын береді,билет алады,жылауға,қатты сөйлеуге,күлуге болмайды.

Әңгіме: «Көліктер»

Ал енді, балалар, осы көліктермен танысайық.

Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Ал біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген.

Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.

 

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.Ұшақ аспан арқылы адам және жүк таситын әуе кемесі.

Жолаушыларды дүниенің кез келген жеріне жеткізіп салады.Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атайды.Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.Зымыранмен ғарышкерлер ұшады.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев.

1.«Жүргізушіге көмектес» ойыны Ннейро-жаттығу арқылы,арнайы көліктер мен жүргізушілеге саусақпен жүргізіп шығады.

2.Сан мен затты сәйкестендіру ойыны

Көлік пен санды сйкестендіреді қарындашпен немесе қыстырғышпен.Математика негіздері,танымдық дағдылар

3.Тез құрастыр ойыны

көліктерді құрастыру.Құрастыру әрекеті

4.Жүк машинасының бейнесін гречка  және тарыдан жасау.Жапсыру іс-әрекеті

Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақта.    (Бағдаршам)Көркем әдебиет,қазақ тілі

Қимылды ойын бағдаршам

Ойын шарты: Бір бала - «Бағдаршам» болып тұрады. Ол қызыл түсті көтергенде, балалар түзу тұрады, сары түсі көтергенде оң аяқтарын алға созып тұрады. Жасыл түсі көтергенде, барлығы орындарында тұрып секіреді.Дене шынықтыру

5.«Орнын тап және ата»

Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік.Сөйлеуді дамыту

«Бип – бип машина» ән қойып балаларға жаттығу жасату.Музыка,шығармашылық дағдылар

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз,

Ұшақ болып қшамыз.

Суда жүйткіп жүземіз.

Кемелерді түземіз,

Жол тәртібін сақтап,

6. Қайықтарды суға жүргізу

Мақсаты; Тыныс алу жаттығуларын жасау.

7. Көліктерді пішіндермен сәйкестендіру

8. Қимылды ойын «Ұшақтарды ұшыру»

Мақсаты; Балаларды шапшаңдылыққа  ептілікке баулу

Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Не құрастырдыңдар, балалар?

· Бізге қонаққа кім келді

· Балалардың жауабы.

· Балалар сендер бүгінгі ұйымдастырлған іс әркетке өте жақсы қатыстыңдар.

 

· Жарайсыңдар, балалар! Осымен бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекет аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді.

Қандай түсініктері игерді: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастыра алады.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст