Ұйымдастырылған іс-әрекеті .
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сенсорика
Тақырыбы: «Күлше қызға көмектесейік» .
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Ресурстар: керек құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер: бақылау, командада жұмыс жасау, сыни ойлау, коммуникативтілік, саралау педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсету; диалог, сұрақ қою, нәтиже.
Көрнекіліктер: фкетрдан жасалған көктем бейнесі ,әр түрлі ертегілерден суреттер,көйлек құрастыруға арналған кескіндер мен құрал- жабдықтар,моншақ жасауға арналған заттар.
Кіріспе
Тәрбиеші:
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
(Балалар орындықта ұйықтап жаткан қызды көріп таң қалады)
Тәрбиеші: Балалар ,қарандар бізге Күлше келіпті ғой бірақ ол шаршап ұйыктап қалыпты.
Күлше қыз:(шошып түрып) Сәлеметсіңдер ме ,балалар!Мен сендерден көмек сұрайын деп келдім.Менің өгей шешем маған көп деген тапсырмалар беріп ал өзі екі қызын алып Ханзада сарайына балға кетті .Мен де барғым келеді (көңіл күйі түсіп ,жылайды)
Тәрбиеші:жылама Күлше қыз біз саған арине көмектесеміз ,солай ма балалар ?
Балалар:Әрине көмектесеміз .
Күлше қыз : Өгей шешемнің бірінші тапсырмасы су сепкенде гүлдердің күлтелері тез арада ашылатын және де мені қуантатын болсын деген еді .
Негізгі бөлім:
1-тапсырма «Сиқырлы гүлдер »
Жыл мезгілдері туралы сұрақ-жауп .
Көктем жыл мезгілін құрастыру.(фетр)
Файылдағы шөптің суреттерінде ашылмаған бүктелген гүлдер орналасқан ,балалар су сепкен кезде гүлдер ашылады .(бәрі таң қалады)
Күлше қыз:Екінші тапсырмасы осындай сандар мен апта күндерін жаттап менің қыздарыма үйрететін бол деген.
2-тапсырма «Сандар мен апта күндері»
Тәрбиеші: Балалар ,мынау қандай ертегі ?
Балалар: «Қасқыр мен жеті лақ»еретегісі .
Тәрбиеші : Ертегіде неше лақ болды?
Балалар:жеті лақ болды.
Тәрбиеші :санайық және де апта күндерін атап шығайық өйткені жеті лақ және де жеті апта күндері бар екен . (балалар санап ,апта күндерін атап береді)
Күлше қыз : балалар менің достарым Өгей шешемнен шошып қашып кеткен болатын ,сендер оларды тауып бере аласындар ма ?
Тәрбиеші: Әрине тауып береміз ,уайымдама Күлше қыз .
3-тапсырма «Жануарларды тауып ата »
(балалар екі топқа бөлінеді)
1 топ :Балалар конверт ішінде жасырыңған жануарларды фонариктің жарығы арқылы көріп ,атап береді .
2 топ:Жануарлардың көленкелері арқылы да тауып атайды. (қара матадағы үн сеуіп койған жануарларларды көленкелері арқылы атайды )
Күлше қыз :төртінші тапсырма үйде барлық орамалдарды жуып кой және де ыдыстарды да жылытыратып жуып қой деген еді.
4 –тапсырма : «Пішіндер тауып ,ата»
Мақсаты:баланың қол моторикасын дамыту және де геометриалық пінідерді еске түсіру.
1топ:Балалар орамалдарды жуып ,пішіндерін атап , қыстырғыштар арқылы жіпке іледі.
2 топ:ыдыстарды жуып ,пішіндерін атайды.
Күлше қыз :өгей анам маған пицца пісіріп бер деді .бірақ мен ондай тағам білмейді екенмін .Көмектесіңдерші!
5-тапсырма «Пицца»
«Пицца» әдісі бойынша ертегіні суретін құрастырып , тауып қысқаша мазмұнын айтып беру.
Күлше қыз :Рақмет сендерге балалар ,сендер сондай ақылды ,мейірімді балалар екеннсіңдер ғой .Мен сендерге келгеніме өте қуаныштымын бірақ мен Ханзада сарайына бара алмайтын болдым ғой .Өйткені менін әдемі көйлегім ,аяқ киім және де әшекейлерім да жоқ.(жылап отырады)
Тәрбиеші: Ал енді балалар , біз Күлше қызға әдемі көйлек тігіп және де моншақ жасап беретін кезек те келді. .
6 –тапсырма : «Көйлек» , «Моншақ» және де туфли .
Мақсаты: балалардың қол моторикасын дамыту ;түстерді ажырата білу .(фетр мен баулар арқылы көйлек тігеді ,моншақтар трубочкалардын кесіндісіндерің жіпке тізіп жасайды)
Күлше қыз: Алақай ,менде Ханзада сарайына барып билейтін боламын .Рақмет сендерге ,балалар ! Онда менің сендерге сыйлығым бар.
Қорытынды: микрофон әдәсі бойынша сұрақ-жауап:
-Бүгін бізге кім келді ?
- Біз не істеп бердік біз Күлше қызға?
-Не ұнады сендерге бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетте?