Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: "Ғажайып сандықша"

08.04.2024

Күні: 08.04.2024ж

Тәрбиеші: Хасенова А.У

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».
Білім көздері:  Қарапайым математикалық ұғымдар.  Көркем әдебиет. Сөйлеуді дамыту. Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы:  Тақырыбы: Ғажайып сандықша

Мақсаты: жыл бойы өткен материалдарды болжамдау және бекіту.

Міндеттері:

а) білімділік:

— Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау;

— Дыбыстарды буынға бөліп, ажырата білуін жетілдіру;

— Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру;

— Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.

ә) тәрбиелік:

— Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу;

— Дербестікті тәрбиелеу.

Түзету-дамытушылық:Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру, түзету тапсырмалар арқылы дыбысты айту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту, ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Түзету-тәрбиелік: Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ғажайып сәт, әңгімелесу.

Көрнекі–құралдар: кескінді суреттер,   сандар. Суреттер

Сабақтың барысы:

 

Мотивациялық-қозғаушылық.

 

    Балалар музыкамен залға кіреді. Жарты шеңберге тұрады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жылы лебізді

Қонақтарға сыйлайық

Жарайсыңдар,балалар.      

Бүгінгі көңіл – күйлерің қалай? Ендеше осы көңіл- күйлерімен оқу қызметімізді бастайық.

 

Тәрбиеші:

Балалар, қараңдаршы. Біреу есік қағып тұрған сияқты?
Кім болды екен?
Есік қағып пошташы кіреді.
 Пошташы: Сәлеметсіздерме , Айбаршын апай балалар . Сіздердің балабақшаларыңызға  хат келді.

Тәрбиеші : Рахмет пошташы. Балалар мына хатта не бар екенін көргілерің келеме? . Хатта көптеген тапсырмалар бар екен балалар. Оқып көрейін.

 

Тәрбиеші: — Олай болса ашып көрейік.

Тәрбиеші: — Балалар мына хаттың  ішінде көптеген тапсырмалар бар екен. Балалар осы тапсырмаларды біз жақсы орындасақ Ғажайып сандықшаға тап болады екенбіз.Ғажайып сандықшаға барғыларың келеме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар .

1 . Тапсырманы оқиды: «Жыл мезгілдерін ата» және  суреттерге қарап  қандай жыл мезгілдері туралы айтып бер. Тақпақтар

 

Балалар: Көтем,жаз ,күз ,қыс .                                                              

Тәрбиеші: — Көктем мезгілінің айларын ата?

Көктем мезгілінде не

 

ше ай бар?

Көктем қандай болады?

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық. Енді екінші тапсырманы орындайық

2 тапсырма

Тәрбиеші: — 1 ден 10-ға дейін тура және кері санау  Ойын :  Шапалақпен шыбынды ұру 1 ден 10 дейінгі сандарды жасыру.  Гүл күлтешелерін нүкте арқылы сәйкестендіру.

Тәрбиеші: — Жарайсындар, балалар, Сендер сандарды жақсы таниды екенсіңдер. Енді балалар ғажайып сандықшаға барғанша әлі қаншама тапсырмалар бар соларды жақсы орындауымыз керек.

 3 Тапсырма

Тәрбиеші:  «Қай дыбыстан басталады?»

 

Тәрбиеші: — Балалар сендердің алдарында сурет бар , сол суреттегі заттар қандай дыбыстан басталады екен? Сол суреттің дыбысын алдарыңдағы кескінді әріптермен сәйкестендіреміз.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар . Тақтаға қараңдаршы мынау нелердің суреттері

Балалар:

Қоян, Әтеш,Күн,Машина ,Банан,Бұлт

Тәрбиеші:

Келесі тапсырманы қарайық.

4 тапсырма «Сергіту сәті »                                                

 Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар.

5 тапсырма : Кедергі жолдан өтіп «Ғажайып сандықшаға »бару

Тәрбиеші: Ал балалар сіздер барлық тапсырманы орындадыңдар . қане жүріңдер Ғажайып сандықшаға алдымыздағы кедергілерден өтіп барайық

Балалар міне ғажайып сандықшағада келдік. Ой балалар ғажайып сандықшаның үстінде  тағыда хат тұр екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар,бұл сандықты ашу үшін сендер дыбыстар туралы не білетіндеріңді айтуларың керек?

Балалар мына ғажайып текше арқылы

1 текше Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2 текше Дауысты дыбысты біз қандай текшемен белгілейміз?

3 текше Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

4 текше Дыбысты біз нестимиз?

5 текше :Әріптерді  біз нестимиз?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар ендеше мен мына Ғажайып сандықшаны ашайын. Ой, балалар. Ғажайып сандықшада сіздерге сыйлықтар бар екен.

 

Балалар, сендерге бүгінгі оқу  іс-әрекетіміз  ұнады ма? Бүгін барлықтарын сабаққа жақсы қатыстындар.
— Балалар сендердің алдарында қыстырғыштар, күн және бұлт тұр. Егер сендерге қу іс-әрекетіміз ұнаса мына қыстырғыштарды қолданып күннің саулесі етіп жасайсыңдар, ал оқу іс-әрекетіміз ұнамай  көңілсіз өтсе қыстырғышты алып бұлтқа жаңбыр етіп қыстырасыңдар. Балалар сұрақтарға жауап береді. Қыстырғышпен тапсырманы орындап шығады.
.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:  дыбыстардың айырмашылығын, буынға бөлуді, асықпай сөйлеуді.

Нені игереді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді білу керек.

Нені меңгерді:   сурет бойынша әңгіме құруды.

 

 

 

 

Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст