Тақырыбы: «Қош келдің,Әз Наурыз!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой өрісін танымын, еліне,жеріне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар,балалар,қонақтар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.
Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан –Наурыз.
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Ведущая : Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз. Наурыз-мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на совершение самых светлых и заветных желаний.
Пришел Наурыз, весна пришла.
И сразу наша земля расцвела.
Все рады празднику вокруг,
И каждый здесь и брат и друг.
Согретые солнцем и теплом,
О Наурызе песню мы поем.
Жүргізуші: Балалар бізге Ұлыстың Ұлы күні ақ батасын, шашуын алып келетін кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер,төрлетіңіздер! Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің «Болашақ » бөбекжайында наурыз тойы болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар!
Ведущая: Здравствуйте, проходите дедушка и бабушка, садитесь на самое почетное место.
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)
Ведущая:Наурыз - это главный праздник в году как у казахов, так и у многих народов Азии, отмечаемый уже более пяти тысяч лет. Это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни. В далёком прошлом казахи называли Наурыз Великим днём улуса. Наурыз отмечается в день весеннего равноденствия с 21 на 22 марта. С этого времени дни становятся длиннее, а ночи короче. Люди заранее готовились к встрече этого праздника. В эти дни важно получить благословение – бата. Это пожелание – напутствие старших.
Жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Наурыз Әже: Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін.
Жүргізуші: Наурыз тойына дайындаған ән-жырымен ортаға «Күншуақ» тобын шақырамыз.
Ведущая: Своими песнями и танцами приглашаем группу «Күншуақ»
Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші: Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Балалар наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде аналарымыз,әжелеріміз үнемі наурыз көже пісіреді. Ал, енді мен наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін. Наурыз көжеге 7 түрлі тағам түрін қосып дайындайды: сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз қосады. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер
айтады.
Ведущая: Праздник начинался с приветствия. Здороваться нужно непременно обеими руками. Специально к празднику из семи компонентов готовится главное блюдо праздника Наурыз-көже. Его едят досыта, чтобы весь следующий год был плодоносным.
Жүргізуші: Ортаға «Капелька» тобын шақырамыз
Ведущая: Приглашаем группу «Капелька»
Ведущая:Праздник Наурыз всегда сопровождался массовым весельем. Молодежь собиралась у качелей - алтыбакан. Все пели, танцевали, играли в национальные игры.Давайте дети мы тоже поиграем.
Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ» қыздар ойнайды.
Ұлдар «Қол күрес».
Жүргізуші: Ортаға «Ақ желкен» тобын шақырамыз.
Ведущая: Приглашаем группу «Ақ желкен»
Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Бәйге»
Жүргізуші: Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Ведущий:
Наурыз - это день возрождения природы, пробуждения ее ото сна. В этот день, когда природа начинает радоваться весеннему теплу, пусть радость жизни войдет и в ваше сердце!
Жүргізуші: Ортаға «Гүлдәурен» тобын шақырамыз.
Ведущая: Приглашаем группу «Гүлдәурен»
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші:
Жылдын басы – Наурыз.
Жырдын басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бугінгі жыр, әніміз.
Ведущая:
Наурыз – это праздник веселья
Наурыз – это праздник Весны.
Наурыз – это праздник цветения
Наурыз – это праздник любви.
Ведущая: Приглашаем предшкольную группу «Почемучки»
Жүргізуші: Ортаға мектепалды даярлық «Почемучки» тобын шақырамыз.
Жүргізуші: Ұлттық ойын: Теңге ілу
Жүргізуші:Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттың, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері тән таным-ұғымдарының үлгі-түрлері өте көп. Онын бәрі әр адамды жоғары саналыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдылыққа, көрегенділікке, білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Ортаға мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобын шақырамыз!
Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Бұқа тартыс»
Ведущая:
Мы вместе сегодня праздник встречали,
Пели, плясали и стихи читали.
Наурыз нам праздник подарил,
Наурыз нас всех объединил!
Его мы будем помнить долго
С любовью праздник вспоминать.
А через год, событий полный,
К нам Наурыз придёт опять!
Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Осымен Наурыз мерекесіне арналған Қош келдің ,Әз Наурыз атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет.