Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Келді міне жаңа жыл

06.03.2024

Тақырыбы: « Ана – аса қымбатты жан»

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сахнаға балалар әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

                     Аналардан туған не бір даналар.

                     Ана деген тіршіліктің тірегі,

                    Армысыздар, қасиетті аналар!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қымбатты да сүйікті аналар, әжелер. Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерді мерекелік ертеңгілігімізге тамашалауға шақырамыз.

Балалар, сендер білесіңдер ме бүгін қандай мереке екенін?

Балалар: Аналар мерекесі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгін аналар, әжелер мерекесі. Кәне, балалар, қонақтарымызға тақпақ айтып берейік.

Тақпақтар.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Ән: «Әже».

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Музыкалық әуенмен залға көктем кіреді.

 (Әуенмен Көктем  кіреді)

Көктем: Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Міне келдім табиғатты оятып,

Күн күркірі нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.

Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!

Жүргізуші: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.

Көктем: Сендер қандай мерекені  тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.

Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл киіне бастайды.

Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?

  (наурыз, ақпан, мамыр)

Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?

Балалар: Көктем айында табиғат оянады.

Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.

Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.

Көктем: Керемет. Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: « Аналарының дауысын ажырату»

Көктем: Жарайсыңдар! Ойынды жақсы ойнап шықтыңдар.

Жүргізуші: Ару көктем біздің балалар ойынды ғана емес тақпақтыда жақсы айтады. Балалардың аналарына арнаған өлеңдерін қабыл ал.

Тақпақтар.

Музыкалық әуенмен Сайқымазақ кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Сайқымазақ

Сайқымазақ: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.:

Жүргізуші:Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен  ән айтқанды би билегенді тыңдағым келеді?

Жүргізуші: Жақсы Сайқымазақ сіз жайғасып отырып тыңдаңыз.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар менің уақытым болды кететін сау болыңыздар.

Сайқымазақпен қоштасу.

Би «Текемет».

Көктем: Бүгін қандай керемет күн. Аналар мен әжелер, қыздар мерекесі.

Жүргізуші: Ия көктем дұрыс айтасың. Біздің балалардың сізге арналған әні бар соны қабыл ал көктем.

Ән: «Аяулы анашым»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал, енді  біздің бүлдіршіндеріміздің аналарымызға арналған биі бар.

Би: «Дискотека»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.

Көктемнің телефоны шақырады.

Көктем: Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма, кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып барамын. Міне, балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Менің кетуім керек.

Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!

Көктем: Сау болыңдар!

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар ендеше оркестр әнімізді аналарымызға арнап берейік. Аналарымызға өз қолымызбен  жасаған гүлдерімізді ұсынайық.

Жүргізуші: Осымен 8 наурызға арналған «Ана – аса қымбатты жан» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

Просмотров: 587


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст