Тақырыбы: «Анам және мен» спорттық сайыс
Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылығы мен сүйспеншілігін арттыру.Ата-аналардың балабақшада өткізіліп жатқан іс-шараларға белсенділіктерін арттыру. Бала мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа, жан-жақты болуына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар, плакаттар, кегли,доптар.обруч,секіртпе, марапаттау қағаздары.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер! -Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы. Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз.
Жалпы дене шынықтыру балалардың ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді. Осы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында өткізілгелі отырған спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.Бұл сайысқа «Гүлдәурен» тобының аналары балаларымен қатысып өз шымырлықтарын көрсетеді.
Спорттық сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Өрік Қабатайқызына береміз!
Жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Аналарымызбен балаларымызды шақырамыз.
Ана десем - алғыс алам халқымнан,
Ана десем – теңіз болам шалқыған,
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын!
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар,
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Аналар мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Анам және мен» спорттық сайысына қош келдіңіздер! Мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс алты кезеңнен тұрады:
1.«Сәлем- сөздің анасы» ( сәлемдесу,таныстыру)
2.«Таңғы жаттығу» (үй тапсырмасы, таңғы жаттығу көрсету анасы мен баласы)
3.«Кім жылдам» (балаларды, аналары обручпен жүргізеді)
4.«Ақылды кенгуру» (балалар қолдарына допты ұстап белгіленген жерге дейін барып стақандарды шашып кетеді,ал аналары аяқтың арасына допты қыстырып жүгіріп барып шарды үрлеу арқылы стақандарды бір-бірінің ішіне салады)
5. «Қаппен секіру» (аналары қаппен секіреді,балалары обручпен жүреді)
6. «Секіртпемен секіру» (аналары секіртпемен секіреді,балалары доп жинайды ,кім көп жинайды)
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Ал сайыстың бөлімдерімен таныс болдыңыздар, ендеше сайысымызға әділ бағасын беретін Әділқазылар алқасын сайлау.
Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады.
Ал, енді әділ қазылар алқасымен таныс болдық аналарымыз дайын болса сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз.
1.«Сәлем-сөздің анасы»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
Сайыстың 2-ші кезеңіне өтеміз.
2.«Таңғы жаттығу»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
3.«Кім жылдам»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау
4.«Ақылды кенгуру»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау
5.«Қаппен секіру»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау
6. «Секіртпемен секіру»
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
Жүргізуші: Әділқазылар аналарымыздың бағаларын саралағанша. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өздері дайындаған сыйлықтарын аналарына тарту етеді.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ!
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі.
Жүргізуші: Міне аналар мейрамы күлімдеп, көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік спорттық сайысымызды аяқтаймыз.Сайысқа қатысқан аналарымызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!