Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру;
Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
Қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер,ойының құрал-жабдықтары.
Әсем әуенмен балалардың қолдарына шарлар ұстап әдемі әуенмен билеп залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аяулы аналар, сүйкімді қыздар барша қонақтар сіздерді «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері, бүгінгі көктемнің мерекесі
8-наурыз халықаралық әйел-қыздар күнімен құттықтаймыз!
Көктемнің алғашқа күнінен бастап, әлемдегі барлық тіршілік иелері өзгеріске ұшырап табиғатымыз құлпырып, күніміз ана мейріміндей жылуын шышып, бар әлем ғажап күйге енеді.
Аяулы біздің аналар мен әжелер! Біздің бүлдіршіндеріміз
сіздерге аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббаттарын «Құттықтаймын анашам, құттықтаймын!» атты тартуын
ән мен жыр, тақпақ, мың бұралған билері арқылы жолдамақ.
Қабыл алыңыздар!!!
(есік қағылып сайқымазақ көңілсіз келеді)
Жүргізуші: Сайқымазақ саған не болды?
Сайқымазақ: менің ештеңе көңілсіз, мені балалар ойынға қоспайды.
Балалармен ойнағым келеді, тақпақ айтқым келеді, ән айтқым келеді,
би билегім келеді.
Жүргізуші: балалар онда Сайқымазақ бізге қосып алайық, мерекеде оның да көңілі көтерілсін. Төрлет, бізбен бірге бол.
Сайқымазақ қуанып кетеді.
Тақпақтар.
Ана- пана
Ана- дана
Өмірге әкелетін
Ана ғана! (Абильхан)
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам (Асылым)
Ана біздің күніміз
Ана біздің үніміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз (Нұрсұлтан)
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз (Сайқымазақ)
Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын (Дарын)
Жүргізуші. Сайқымазақ саған балалардың тақпағы ұнады ма?
Сайқымазақ: иа, ұнады, рахмет сендерге балалар.
Жүргізуші: Ойын: «Анама көмектесемін»
1-Ойын барысы: жіпке жуылған киімдерді жаю.
Сайқымазақ: мен де ойнайыншы, қатты ойнағым келіп тұр
(барлығы бірге ойын ойнайды)
Сайқымазақ: Сендер маған ән айтып беріңдер.
Жүргізуші: Иә, біздің балалар Топ-топ балақан әнін айтып, билейді бізбен бірге билеңіз.
Жүргізуші: «Топ-топ балақан» әнін қабыл алыңыздар.
Сайқымазақ: Тамаша! Көңіл күйім бір көтеріліп қалды.
Әнді жақсы орындағандарың үшін мен сендерге сыйлық беремін.
(аналарға арналған ашықхаттар)
Ана деген адамзаттың данасы
Ана деген сәбилердің панасы.
Ана деген жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген өмірдегі қамқорың,
Ана деген сүйенерің жан құрбың!
2-Ойын: «Анама гүл сыйлаймын»
Шарты: музыканың сүйемелдеуімен балалар гүлдерді теріп, аналарына сыйлайды.
3-Ойын: «Менің балапанымның алақаны»
Шарты: аналар, перденің арғы жағынан өз баласының қолынан тану
Жүргізуші: Сайқымазақ балалар сендермен «Бала-бала балақан» биін билегісі куеліп тұр екен. Қанекей болалар бірге билейік.(сайқымазақ балаларға аналарының суреті бар түнтізбені сыйға береді)
4-Ойын: «Анамның ыстық жүзі» деп аталады.
Шарты: Балалар өз аналарының фотоларын табу.
Сайқымазақ: Мен сендерге құр қол келмеген едім.
Сендерге әкелген тәттілерім бар.
Би: Аналар мен балалар биі.
Сайқымазақ: Бәрекелді, балалар! Әндерін қандай әсем! Менің көңілімді көтеріңдер!Ал, енді мен кеттім, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Ертеңгілігіміз осымен аяқталды.
Балалар біз де аналарымызға арналған сыйлықтарымызды тарту
етейік.. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!