Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Сөздің көркі-мақал»
Мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы түсінік беру. Балаларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен, мақал-мәтелдермен таныстыру. Тіл байлықтарын дамыту, шығармашылық елестету қасиетін дамыту.Өз ұлтына деген мақтаныш сезімдерін оятып, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Билингвалды компонент: Мақал-мәтелдер-пословицы-поговорки, жұмбақтар – загадки.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы-
лық
- .Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме,
-Здравствуйте!
Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң,қонақтар!
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
Қыс мезгілі.
- Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде мақал-мәтел айтып,жұмбақ шешеміз.
Мақал-мәтел дегеніміз –талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра,асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.Мақал-мәтелдер әрі ықшам,әрі көркем түрде жасалып,терең ой,кең мазмұнды қамтиды. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді.
Айтпақшы,мен бүгін таңертең топқа келгенде хат тауып алдым.Ашып көреміз бе?
Тәрбиеші хатты ашып оқиды.
Құрметті «Гүлдәурен» тобының балалары бүгін мен сендерді менің үйіме қонақ болуға шақырамын.Бүгін сендер мақал-мәтел айтып,жұмбақ шешіп ойындар ойнайды деп еді апайларың.Мен сендерге мақал-мәтел айтуға,жұмбақ шешуге көмектесемін.
Сәлеммен: Әжелерің.
Қалай, балалар қонаққа барамыз ба?
Олай болса,кеттік.
Балалар шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасады.
жақсы
-ия
Балалардың жауабы тыңдалады.
Ұйымдасты рушылық- ізденушілік.
Әженің үйіне қонаққа келеді.
Әже:Сәлеметсіңдер ме, балалар
1-тапсырма. «Асықтар» үстел үсті ойыны.Балалар асықты лақтыру арқылы берілген тапсырманы орындайды.Әр асықтың астында сурет берілген сол суретке байланысты мақал-мәтел айту керек.
2-тапсырма: «Жұмбақты тап»
Балалар кезектесіп ұяшық таңдайды әр ұяшықта жұмбақтар жасырылған ,балалар жұмбақтың жауабын айтуы керек.
Сергіту сәті: Додокаэдр арқылы
Ду қол шапалақ!
Досыңды мақта
Досыңа қол бұлға
3 рет отырып тұр
Бір-біріңді құшақта
Амандас
Тілек айт
Биле
3-тапсырма: «Додокаэдр» суретті мақал-мәтелдер. Балалар суретке қарап мақал-мәтелді дұрыс тауып айтуы керек.
4-тапсырма:
1-топ: Оюды түстеріне қарай қақпақтармен безендір.
2-топ:Киіз басу.
Балалар дайын болған киізді әжеге тарту етеді.
Сәлеметсіз бе,әже
Балалар тапсырманы орындайды.
Сергіту жаттығуын додокаэдрді бір-біріне беру арқылы,қимыл-қозғалыспен жасайды
Рефлексивтік-түзетушілік
Балалар сендерге әженің үйі ұнады ма? Олай болса балалар бүгінгі іс-әрекетіміз не туралы болды.
Әже:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақтар
Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті,
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті
( Бауырсақ)
Аңдар бәрі жиналып
Орманда бірге тұрыпты.
Аю келіп қорбаңдап,
Үйге сыймай бұзыпты .
(Үйшік)
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
(Аяз ата)
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді (су)
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
Жарайсыңдар,балалар!
Сендер мақал-мәтелді де,жұмбақты да жақсы шешеді екенсіңдер.
Ендеше ,балалар дәмнен ауыз тиіңдер,ұлттық тағамдарды атап беріңдер.
Балалар дәмнен ауыз тиеді.
Балалар қане әжемізбен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
Иә бізге өте ұнады.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалар жұмбақтарды тыңдап,жауап береді.
Сау болыңыз,әже
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мақал-мәтелдердің мағынасын.Жұмбақ шешуді. Игереді: Додокаэдр а арқылы мақал-мәтел айтуды. Меңгереді:Мейірімділікті,адамгершілікті.