Мақал — сөздің азығы , Жұмбақ -ойдың қазығы.
Күні: 08.02.2024ж
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын- додекадр , сұрақ — жауаптар.
Көрнекі құралдар: тапсырмалар.
Оқу қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге
Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы: «Мақал — сөздің азығы жұмбақ сөздің қазығы» деп аталады.
Мақал- дегеніміз ерте заманнан келе жатқан нақыл сөздер екен — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы.
Жұмбақ дегеніміз – ол ойындағы ойды тап деген сөз екен. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
Бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз өте қызықты болайын деп тұр балалар. Бүгін бізге көптеген қонақтар өздерінің тапсырмаларын алып келіп отыр
-Ал бізге бір қонақ келе жатқан сияқты.
-Кім келе жатыр екен қарайық?
-Әже : Амансыңдарма ,балалар
Балалар: Сәлеметсізбе әже.
Тәрбиеші: Әже төрлет. Әжеміздің қолына қарасақ бізге бір тапсырмасымен сыйы бар екен.
Әже: мен сіздерге асық ойынын алып келдім.
-Тәрбиеші: ал балалар ойнаймызба?
-Балалар: иә
Тәрбиеші: ал ендеше әже сіз төрге шығып қонақ болыңыз.
1. Асық тапсырма . Сайқымазақ шығады.
-Жарайсыңдар балалар, сайқымазақ бізге қонақта
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе сайқымазақ ?
Сайқымазақ : сәлеметсізбе балалар.
Тәрбиеші: балалар қараңдаршы сайқымазақтың қолында көптеген шарлар бар екен. Қарайықшы түстері қандай?
Балалар : сары , қызыл, көк ,жасыл
3. Асық тапсырма: Жүйрік болсаң — озып көр демекші» «Кім тапқыр» суретке қарап мақалды құрастыру.
4. Асық тапсырма: Додекадр ойыны . суретке қарап сөйлем құра
5. Асық тапсырма: Асықтарды салыстыру .
«Жүйрік болсаң — озып көр демекші» Жаңылтпаш айту
Әже, Сайқымазақ : Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Асықтарыңызды санадыңдар, мақал –мәтелді айтып бердіңіздер . рахмет сіздерге біздердің кететін уақытымыз болды. Сайқымазақта бәрін біліп үйренді. Балалар сіздерге көп көп Рақмет. Сіздермен өте қызық болды Мақалдыда, жұмбақтыда, барлығын ұғып алдық. кездескенше, Сау болыңыздар!
Тәрбиеші : Сау болыңыздар. Жолдарыңыз болсын.
Қорытынды:
Бүгінгі мақал – мәтел оқу іс- әрекетіміз ұнады ма?
Бізге кімдер келді қонаққа ?
-Балалар: Әже мен сайқымазақ.
«Мақал -сөздің азығы, Жұмбақ сөздің қазығы » атты оқу іс – әрекетіміз өз мәресіне жетті Сау болыңыздар .
Күтілетін нәтиже:
Біледі; Мақал-мәтел , жұмбақ шешуді
Үйренеді; Мақал туралы түсінеді;