Тақырыбы: «Көшеде жүру белгілері» ойын-сауығы
Мақсаты: Балалардың көшеде жүру ережелері туралы түсініктерін қалыптастырып, одан әрі кеңейту. Бағдаршам ережелерін сақтау. Жол белгілерін есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Көшеде жүру белгілерін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жолда жүру белгілері, көшеде жүру белгілерінің суреттер, сызылған жол, бағдаршам, ойыншық машина.
Жүргізуші: -Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз қалай балалар?
Балалар: -Сәлеметсіз бе, -жақсы
Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар!
-Бізге балалар көптеген қонақтар келіпті
-Қане апайларымен амандасайықшы?
Балалар: -Сәлеметсіздер ме апайлар! Сіздерді көргенде қуанамыз!
Жүргізуші: -Балалар бүгінгі күніміз қызықты әрі ерекше өтпек.
Ғажайып сәт: (Амина әже)
Амина әже: -Амансыңдар ма балаларым!
-Балалар: -Сәлемтсіз бе
-Амина әже:- Астана қаласында тұратын балама қыдырып келе жатыр едім, адасып кеттім. Астанаға қаласы адам танымастай өзгеріп кетіпті. Маған сендердің көмектерің қажет.
-Жүргізуші: Амина әжеге үйіне баруға көмектесеміз бе?
-Балалар: -әрине көмектесеміз.
-Амина әже мен балалар көшеде жүру ережесін бұзады. Олар көлік жүретін жолдан жүріп, жолдағы көліктерге кедергі жасады. Әйтеуір жол апаты болмады.
Тосын жағдаят: (жол сақшысы ысқырық шалады)
-Жол сақшысы: -Сәлеметсіздер ме! Сіздер жол жүру ережесін бұздыңдар.
Өзімді таныстырып кетейін мен жол сақшысы боламын.
-Амина әже: Көзім көрмей, жаяу жүргіншілер жолы шығар деп ойлап қалдым.
Жүргізуші: Жол сақшысы сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.
Бізге көшеде жүру белгілерін айтып берсеңіз.
-Жол сақшысы: Балалар онда сендер мұқият қараңдар.
(видео ролик) тамашалайды.
Жолда жүру ережесінің белгілері
-Балалар өтетін жол
-Автобус аялдайтын орын
-Тоқта
-Тайғақ жол
-Телефон
-Алдыңда темір жол бар
-Дәмхана
-Жанармай бекеті
-Алғашқы медициналық көмек көрсету пункіті
Бағдаршам:
Менің атым бағдашам
Бағдар беріп тұрамын
Қызыл түсім жанғанда тоқта!
Сары түсім жанғанда дайындал
Жасыл түсім жанғанда жүр!
-Балалар жолда доп ойнауға бола ма?
-Балалар велосопед тебуге бола ма?
Жол сақшысы: Енді көшеде жүру белгілерін білдіңдер. Көшеде жүргенде абай болыңдар. Жол жүру ережесін сақтап жүріңдер.
Жүргізуші: -Дұрыс, бұл көліктер жүретін жол. Көліктер жүретін жол өте кең болады. Көліктер жүретін жолда, жол жүру қауіпсіздігін сақтап жүруміз керек.
Балалар, автобус келе жатыр. Барлығымыз аялдамадан автобусқа отырайық.
(әуені қосылады)
Автобусқа отырып жолға шығады. Автобус ұзақ жол жүреді. Алдынан бағдаршамның қызыл түсі жанады. Автобус тоқтап, жаяу жүргіншіні өткізеді. Бағдаршамның сары түсі жанғанда автобус жүруге дайындалады. Жасыл түс жанғанда жүреді. Автобустан түсіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтеді.(зебра) Амина әжемізді үйіне алып келдік.
Бұл үйде балаларға қимыл-қозғалыспен жасайтын тапсырмалар бар екен.
Балалардың саусақ моторикасын дамыту.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ бағдаршамның көздеріне баклашка қақпақтарын орналастырады, екінші топ түрлі-түсті қағазды умаждап желімнің көмегімен жапсырады.
«Кім жылдам» ойыны
Шарты: балалар екі топқа бөлініп, бір топ үстел үстіндегі әр түрлі көлік түрлерінің суреттерін құрастырады, екінші топ бағдаршамды дұрыс және жылдам құрастыру керек.
Сергіту сәті:
Бұзба көше тәртібін
Ұрыгасың апатқа
Қызықты өтсін әр күнің
Жақын болма шатаққа!
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешімін тауып көріңдер.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін, жасқанба.
Бұл не балалар? (Бағдаршам)
(балалар бағдаршаммен ойын ойнайды)
Қимылды ойын. «Бағдаршам»
Шарты: жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сары түсті көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтайды.
-Жарайсыңдар балалар.
Қимылды ойын: «Таза жол»
Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Балалар жүк көлігіне отырып жолдағы қоқыстарды жинап, айналма жолмен жүріп келеді. Осылай екінші балаға ойынды жалғастырады. Қайсы топ бірінші жолды қоқыстан тазартады сол топ жеңіспаз.
-Жарайсыңдар балалар.
Қимылды ойын. «Сыңарын тап»
Шарты: бір бала көшеде жүру белгісінің суретін көрсетеді. Ортаға шыққан екі баланың қайсысы белгіні дұрыс тауып жанына бірінші барып тұру керек.
Қорытынды сұрақтар:
-Бізге жолдан адасып кім келді? (Амина әже)
-Бізге көмекке кім келді? (Жол сақшысы)
-Жолдан ненің көмегімен өтеміз? (Бағдаршамның)
-Бағдаршамның неше көзі бар екен? (үш)
-Қандай? (қызыл, сары , жасыл)
-Жолда доп ойнауға бола ма? (болмайды)
-Не үшін? (ол көлік қозғалысына арналған жол)
-Жаяу жүргіншілер өтетін жолындағы сызықты не дейді? (ақ жолақ немесе зебра)
Жүргізуші: Балалар сендер бүгін Амина әжеге үлкен жақсылық жасадыңдар!
-Жарайсыңдар!
-Амина әже: Мені үйіме әкелдіңдер. Балаларым сендерге көп-көп рахмет!
Жүргізуші: Сау болыңыз Амина әже, біз бөбекжаймызға қайтайық.
Балалар келген жолдарымен кері бөбекжайына барады.