Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Көшеде жүру ережелері

02.02.2024

Тақырыбы: «Көшеде жүру ережелері» атты ойын-сауық іс — шарасы.

Мақсаты:  Балаларды көшеде жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін ойын арқылы балаларға түсіндіру.
Қажетті  көрнекіліктер: Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері, көліктер, жол белгілері.
 

Өтілу барысы:


Жүргізуші: Қайырлы күн балалар!Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Міне, осы мақсатта біздің  балаларымыздың арасында «Көшеде жүру  ережелері» атты жол ережелеріне арналған ойын сауығымызды бастаймыз.           

Жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Балалар жолдан өтерде бірінші солға , ал бөлгіш жолақтан кейін, оңға қарау керек. Жолдың машина жүретін бөлігінде , ойнауға,велосипед  тебуге  болмайды . Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгіруге болмайды. Ол сенің өміріңе қауіпті .

«Жол ережелерін есте сақтайық!» слайд көрсетіледі.

Ал,балалар біз көшеге саяхатқа шығамыз.Саяхатқа балалар біз жаяу шығамыз.

Балалар, ең бастысы,көшеге шыққан кезде әр жерде тұратын жол белгілеріне назар аудару керек. Дайын болсаңдар көшемізді аралап қайтайық.

 

Осы  кезде Дымбілмес жолдан кесіп өтіп

бара жатып машинаға соғылады.

Дымбілмес:  Ой, ой белім-ай, аяғым-ай.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе.Сіз кім боласыз?

Дымбілмес:  Мен Дымбілмеспін ,мен жолдан ойнап өтіп бара жатыр едім.

Жүргізуші:     Балалар жолда ойнауға болады ма?

Балалар:      Жоқ

Жүргізуші:     Дымбілмес міне сенің қателігің!

 

 Сіз мына жолдағы жүргінші жолдан неге өтпедіңіз,жолда ойнауға және жолдың кез келген жерінен өтуге болмайды. Міне, жолдың қиылысында бағдаршам тұр, соған қарап жолдан өту керек еді. Сіз олай жасаған жоқсыз. Жол жүру ережесін сақтамаған үшін осындай жағдайға тап болдыңыз.

Дымбілмес: Бағдаршам?Ол не?  

Балалар,жолдың шетінде бір нәрсе тұр,өшеді,жанады.Балалар,сендер білесіндер ме,ол не нәрсе? Кешіріңдер қателік жасадым. Мен жол ережесін білмеймін.

 

Балалар: Ол бағдаршам.Бағдаршам бізге бағыт-бағдар көрсетіп тұрады,оның үш түсі болады: қызыл,сары,жасыл. Қызыл жанғанда-тоқтаймыз, сары-жанғанда дайындаламыз,жасыл жанғанда-жүреміз.Ал, балалар біз балабақшамызға оралып ойын-сауығымызды бастайық!

Жүргізуші: Бүгінгі жол ережесіне байланысты ойын-сауық өткізгелі жатырмыз,мұқият қарап үйреніп ал.

Ойын -сауықтың  кезеңдері:

 

  1. Кедегілерден өт.
  2. «Жүк машинасы».
  3.  «Такси»  жолаушыларды тасымалдау.
  4. “Жол белгілерін табу”.

  

  1. Кедергілерден өт. Шарты: (Самокат) Әр команда бір машинамен кедергілерден өтіп,  межеленген жерге барып келіп, машинаны келесі ойыншыға береді. Осылайша ойын жалғасады. ойыншылар мәреге бірінші келсе команда жеңімпаз болады.

 

  1. «Жүк машинасы». Бірінші бала кедергілерді жүк машинасына салып, жинап келіп, екінші балаға береді ол бала кедіргілерді қойып келеді, бірі жинап, бірі қойып ойын жалғаса береді.
  2.  «Такси»  жолаушыларды тасымалдау. Бірінші  тұрған бала Обручтің ішінде кіріп, екі қолымен мұқият ұстап межеленген жерде тұрған балалардың біреуін обручтің ішіне салып алып келіп мәре сызығына тастап кетеді, келесі баланы салып алып келеді. Ойын осылай жалғаса береді. Балаларды бірінші тасып болған команда жеңімпаз болады.

 

  1. 1 –топ:“Жол белгілерін табу”. Жол  ережелерінің белгілерін білдіретін суреттер басқа суреттермен  араластырып  кеткен, жол белгілерін ажыратып аламыз, тақтаға магнит арқылы жапсырамыз. Жол белгілерін басқа суреттерден дұрыс, қатесіз тауып алған команда жеңімпаз болады.

 

2-топ: «Жол белгілерін құрастыру» Үстелдің үстінде бірнеше бөліктерге бөлінген жол белгілері  берілген ,сол бөліктерді дұрыс құрастыру.

 

 

Балалар барлығымыз сергіту жаттығуын жасап алайық.

 

Сергіту ойыны:  “Бағдаршам”

 Ойын шарты: Тәрбиеші кезекпен түстерді көрсетемін

        Қызыл түс – бір орында тұрасыңдар

       Сары түс - Шапалақ ұрасыңдар.

       Жасыл түс – шеңбер бойымен  жүресіңдер.

 

Қортынды сұрақтар:

           

1.Жүргізуші деген кім?(Көлік жүргізетін адам)

2. Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
 

3. Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
 

4.   Жолдардан  қалай өтеміз ?(Бағдаршам арқылы өтеміз)

 

5.  Автобус тоқтайтын орын?     (аялдама)
6. Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?  (жасыл)
7. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз ? (жаяу жүргіншіге арналған белгі бар жерден өтеміз)

Дымбілмес: Балалар  менің  кететін  уақытым  болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.(Дымбілмес қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер.

Балалар рахмет сендерге. Жарайсыңдар балалар. Осымен ойын-сауығымыз аяқталды.

 

 

 

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст