Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз...!»
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,әріптестер, бүлдіршіндер бүгінгі 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Баршаңызға бұл күні денсаулық,бақыт ,ашық аспан ,көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген кұрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ведущий: Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем вас на замечательном празднике с Днем благодарности ! От всей души желаем в этот особенный день много радости, веселья и приятных сюрпризов!! . День благодарности – новый праздник в национальном календаре 1 марта 2016 года Казахстан впервые отмечает День благодарности. 14 января 2016 года вышел Указ Президента, согласно которому первый день весны станет для казахстанцев новым праздником – Днем благодарности. Датой праздника был выбран день 1 марта, день рождения ассамблеи. XXII сессии Ассамблеи предшествовали выступления представителей разных этносов страны, которые затронули тему благодарности друг другу и казахскому народу. Инициатива Главы государства нашла большую поддержку в обществе, и этот замечательный праздник, призывающий людей к проявлению благороднейшего из чувств, отныне будет отмечаться ежегодно. На праздничном мероприятии, посвященном Дню благодарности, первый президент Н. Назарбаев сказал: «Я убежден, что этот праздник еще больше укрепит доверие, согласие и дружбу в нашем обществе, которые очень необходимы в нынешнее время.
Жүргізуші: Бүгінгі алғыс айту күніне арнаған біздің бүлдіршіндеріміздің әндерімен өлең шумақтарын тыңдайық. Ортаға «Ақ желкен» тобын шақырайық.Қарсы алыңыздар!
Ведущий: Встречаем группу «Ак желкен»со своими песнями и стишками.
Жүргізуші: Алғыс айту күні - қазақстандық патриотизмнің, достығымыз бен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарасқан күні, себебі, Елбасы 130 этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен болатын. Алғыс айту күні - Қазақстан халқын мәнгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Ведущий: - 1 марта Казахстан отмечает один из самых добрых и светлых праздников. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране, где проживают более 130 наций и народностей. Каждый из этих народов уникален, но вместе на территории Казахстана они – один дружный народ.
Жүргізуші: «Күншуақ» тобын ортаға шақырамыз!
Ведущий: Встречаем группу «Күншуақ»
Жүргізуші:Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.
Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді.
Жүргізуші: Казахстанцы живут одной большой, дружной, честной, справедливой семьей. Для этого созданы все условия. Людей объединяют дружба и добрые отношения друг к другу.
Мы благодарны за солнце и свет,
Спасибо, что есть у нас много побед.
За радость, уверенность в завтрашнем дне,
За счастье мы скажем спасибо тебе.
Давайте все вместе скажем друзья
Спасибо, что есть у тебя, у меня
За чистое небо, леса и поля
За космос, где вертится наша земля
Мы все одно целое- люди планеты,
Любовью и миром, солнцем согреты
За жизнь спасибо, за воздух и воду,
Мы благодарны за нашу свободу!
Жүргізуші:Ортаға өзөнерлерін көрсетуге «Капелька» тобын шақырамыз.
Ведущий:Приглашаем группу «Капелька»
Жүргізуші:Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.
Жүргізуші:Ортаға «Гүлдәурен» тобын шақырамыз,қарсы алыңыздар!
Ведущий: Встречаем группу «Гүлдәурен»
Жүргізуші: Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..рахмет
Осымен Алғыс айту күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды! Сау болыңыздар!
Ведущий:
Пусть в День «Благодарения» станет мир добрей,
Пускай все люди благодарны станут,
Пусть соберется полный дом друзей
И все друг другу улыбаться
В День «Благодарения» хочется сказать,
Что этим словом стоит дорожить нам.
Вы будьте вежливей и станут Вам желать,
Чтоб снизошли на Вас здоровье, сила.
Дарите добрые слова
Всем – незнакомым и любимым
Дарите добрые слова
Чтоб сделать этот мир красивым