Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: « Ерлік - елге мұра»

04.05.2023

Тақырыбы: « Ерлік - елге мұра»

Мақсаты: 9 Мамыр -Жеңіс күні Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу,

Тәрбиеші: - Құрметті балалар , бүгінгі «Ерлік- елге мұра » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбиеші: Соқ, жасұлан, соқ қуатпен, Соқ, солқылдат барабанды. Жылда есіңе ал шабытпен, Жеңіс үшін аққан қанды.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болсадағы қай ғасырдың қайжылы. Ұлы Отаным басымды иіп бір минут Есіне алмақ сол бір апа қайғыны.

Тәрбиеші : - 1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Болашақты бізге мирас етем деп, Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар. Тәрбиеші: - Фашизмнің ордасы Рейхстаг қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!

Топтық жұмыс балалармен

Тәрбиеші: - Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызды, олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

 

Просмотров: 2056


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст