Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағат.

03.05.2023

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

 

 

 

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

 

 

 

         Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

 

Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Гүлдәурен» тобының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

 

 

 

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

 

 

Жүргізуші:

 

         Аз емес зар жылаған,егілген жан,

 

 

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

 

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

 

Қирады талай арман көңілге алған.

 

 

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

 

Жігер менен құштарлықтың құралы.

 

Күрескердің арманы мен ұраны,

 

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

 

 

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

 

Просмотров: 1006


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст