«Ұлы жеңіс – жасасын»
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Күні: 03.05.2023жыл
Мақсаты:Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:9- Мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мереке. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен.
Құрметті қонақтар мен балалар! Бүгінгі 9- Мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Осы соғыстың аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған , ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Міне ,осыған орай мектепалды даярлық « Қарлығаш» тобының дайындаған шағын мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
:Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылдың маусым айының 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығы арқасында 1945 жылы 9- мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Қане балалар Ұлы Жеңіс туралы тақпақтарымызды айтамыз.
Айару
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көр балаға.
Мұхамедияр
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Ұмытылмас мәңгілік.
Ислана
Жүйрік озар әйгілі,
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар,
Тоғызыншы май бүгін!
Би: « Сарбаздар»
Орындаушылар: Топ балалары.
2.Жүргізуші:Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең түсіне, сезіне бастады. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, елдік, халықтар достығы нығая түсті.
Ән: «Отан»
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Жүргізуші:
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.
Осымен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған « Ұлы Жеңіс жасасын» атты шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.