Мақсаты:Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
(Ән ұран орындалады.)
Жүргізуші:Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе, Қазақстан Республика халқының бірлік күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Құрметті балалар, әріптестер! Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Жүргізуші:Қазақ жері-қонақтай төрдің жері,
Қазақ елі-Қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Кезекті балалардың тақпағына береміз.
АЯулым : Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Аяла : Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Алімжан: Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Медина У: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Айлана :Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Айбар :Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Алимансұр : Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
!
Жүргізуші:Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана,
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!
Әнге кезек береміз. «Ақ жауын» әнімен
Жүргізуші: Жер ана бәрімізге ортақ Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласындағы көптеген ұлт өкілдері татту тәтті, ынтымақта бауырластықта өмір кешуде
-Біздің ұлтымыз кім?
Балалардың жауабы: қазақ
-Қазақстанда қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
Балалардың жауабы:орыс, татар, түрік, өзбек, қырғыз ,т.б.
-Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ендеше, балалар біздің мемелекетімізде әр түрлі ұлттар бар екен.
Украина ұлттының биі. . «Тыж мене пидманула» әніне .
Тақпақтардың кезегі келді
Дария : Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан
Риза:Ақ ,қар деп алдымен
Елім бөлмес адамды.
Дәстү,өнер салтымен,
Таңғалдырған ғаламды.
Сезім:Сары ,ақпыз ,қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз ,
Бір мектепке барамыз.
Б.Медина : Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...
Жүргізуші:Мақсат ортақ бейбітшілік ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашаққа ел ертеңін.
(Есік қағып -өзбек қыздары кіреді )
Өзбек Қызы:Сәлеметсіңдер ме ,балалар .Мен бүгін «Гүлдәурен « тобында мерекелік ертеңгілік өтіп жатқаның естідім .Сондықтан да сендерді құттықтауға келдім.Өйткені мен де осы Қазақстан елінде туып өстім.Менің туған елім Қазақстан жерім маған өте ыстық .Мен өз кіндік тамған жерін өте жақсы көремін .Ал сендер балалар ,өз туған жерлерінді сүйесіндер ме?
(балалардың жауабтары)
Ал енді балалар ,сендермен украин халықтын ойындарын ойнайықшы.
Жүргізуші: Қуанып елмен бірге мереке күні, жұптасып татулықпен ойын ойнаса. Әр ұлттың өзін тән ойыны бар.
Өз ұлтымыздың ойындары:
1) «Тақия тастамақ»
2) «Күш сынасу»
3) «Арқан тартыс»
Украин ұлтының ойындары :
1) «колокольчик » ойыны
2) «Колдун» ойыны Правила игры: колдун вытягивает вперед руку ладонью вниз, участники держат под ней указательные пальцы. На счет «раз, два, три» колдун должен схватить кого-то за палец, а участники — не допустить этого и разбежаться в стороны. Колдун должен догнать и дотронуться до любого из участников. Тот, кого «засалили» должен замереть с разведенными в стороны руками. Он заколдован, дотронувшиеся до него другие участники могут его расколдовать, но колдун не дремлет… Заколдованный трижды игрок сам становится колдуном.
Что развивает: мышцы ног, скорость, координацию в пространстве.
Жүргізуші:Жарайсың балалар!
Жүргізуші:Бір ата бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар деген ата-бабам
БІрлік деп, бірге соқсын жүрегіміз.
Жүргізуші:Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- деп, 1 - мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әркез ынтымақта, достықта болайық.
Ән«Күн сөнбесін»