Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:«Заттарды салыстыру».
МақсатыБалаларға гемометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.Фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға салыстыруға үйрету .Әр-түрлі заттар тобын көлеміне қарай салыстыру .
Міндеттері: Бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыру тәсілдерін пайдалана отырып әр топтағы заттарды санына (бір көп) көлеміне (үлкен-кіші) ұзындығына (ұзын-қысқа) биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстыруға үйрету .Заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруға жаттықтыру.Құрастыру ,жапсыру кезеніңде ұқыптылыққа тәрбиелеу.Заттарды салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту .Жұмбақ шешкізіп тақпақ айту арқылы тілдерін дамыту .
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дамытушы ойындар.
Қолданылатын көрнекі құралдар:сандар, геометриялық пішіндер, тиісті суреттер ,слайд.
Билингвальді компонент: шеңбер – круг, шаршы- квадрат, ұшбұрыш- треугольник,ұзын-длиннный,қысқа- короткий,үлкен-большой,кіші-маленький .
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Қайырлы таң балалар! Сендер бүгінгі математика оқу-қызметіне қандай жайдарлы, қуанышты, ақжарқын болып келгенсіңдер! - Балалар, бүгінгі біздің оқу-қызметіміз ерекше, өйткені бізге қонақтар келіп отыр, барлығымыз бұрылып амандасып шығайық. (екі тілде амандасу) Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң қонақтар -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар. -Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Балалар бүгін оқу қызметімізде заттарды салыстыруды үйренеміз. Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен ішке Сайқымазақ келеді. Қолында алты түрлі шары болады. Сайқымазақ балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар! Барлығы қанша шар болды? |
Балалар келген қонақтар мен амандасады. Тәрбиешімен бірігіп, шаттық шеңберін құрады.
қыс Күн суық болады, қар жиі жауады,боран соғады,аяз болады. Тақпақ айтады
Балалар амандасады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденуші |
1-тапсырма. 3-тапсырма..«Таспалар»: Шарты:Әрбір ленталарды түсіне,ұзын-қысқалығына қарай беттестіру. Заттың түрін,көлемін ажырата білу. Балалар мынау не? Ал құйрығы ше? (Алдарыңда қоянның суреті берілген жетпейтін бөлігін яғни, дене мүшелерін жапсырасыңдар) |
Балалр пішіндердің атын атап ,түсін айтады.
Балалр құрастырады айырмашылығын табады.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Қоян |
Рефлексивтік -түзетуші |
Қорытынды жасау. Сұрақ қоя отырып, оқу-қызметін қорытындылау. «Сұрақ-жауап»: Ал, мынау қандай карандаш?
|
Слайд бойынша заттарды салыстырады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ұзын-қысқа |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттарды салыстыра біледі;
Игереді: тапсырманы кезеңімен орындау жолдарын;
Жасайды:Әр-түрлі топтардағы заттарды санына ,көлеміне,(үлкен-кішкентай),ұзындығына(ұзын-қысқа),биіктігіне(биік-аласа)қарай салыстыруды.
Меңгереді: ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын.