1-мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған ертеңгілік.
«Күншуақ» ортаңғы тобы
Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Қазақ елімен бірге бір ту астында тату өмір сүріп жатқан - грузин халқының салт-дәстүрін, ұлттық киімімен, тағамдарымен, тұрмыс-тіршілігімен балаларға таныстыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер! Алғыр балақайлар, қадірлі тәрбиешілер! Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болсын!
Ертеңгілікті бастамас бұрын, сөз кезегін «Болашақ» бөбекжайының меңгерушісі Бейсембаева Ө. К берсек.
Бірлік пен ынтымағы халықтың- Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстанның халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!» атты мерекемізді ашық деп жариялаймыз!
Ән: «Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз» әні
1.Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала бітткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!
2.Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау, Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ.
Тағамдары: Грузин асханасының ең танымал сорпалары ретінде харчо, чихиртма, хаши және мацониден жасалатын сорпаларды атауға болады. Хаши сорпасы өте майлы және қою болып келеді. Сорпа сиыр сирақтары мен ішек-қарын қосындыларынан дайындалады. Сорпа дайын болған уақытта ұнтақталған сарымсақ және кептірілген лавашпен бірге дастарханға тартылады
Кең-байтақ жеріміз, Татулық тұрағы. Бауырмал еліміз, Ынтымақ ұраны. Тілек.
Жаңыртып даланы, Шырқап ән салады. Халықтар достығы, Бірліктің қамалы. Алинұр.
Ортақ жұтар ауамыз, Ортақ жарық күшіміз, Достық туған анамыз, Жердің қызы, ұлымыз. Медина.
Достық-шырағымыз, Достық-ұранымыз, Достық туымыз, Достық әніміз. Қымбат.
Жүргізуші: Грузин билері күрделі және алуан түрлі. Бұл ұлттың әр биінің басқа биде ешқашан қайталанбайтындай өзіндік әдістері бар. Биде әйелдер көрермендерге өздерінің бар сұлулығын және ұлттық киімдерінің әсемдігін көрсеткісі келетіндей мақтанышпен қозғалады. Ал ер адамдар жауынгерлік күш пен батыл мінезді танытады.
Балалардың орындауында «Ұлттық грузин биі»
Жүргізуші: Осымен «Күншуақ» тобының «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!