Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттар достығы 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні.

28.04.2023

Ұлттар достығы 1 мамыр – Халықтар бірлігі күні.

 

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлттар достығы» атты ертеңгіл өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.  

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 

 

Бүгінгі мерекеге бүлдіршіндеріміз өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.

Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-мамыр Достық мерекесіне арналған«Ұлттар достығы» атты мектепішілік мерекелік кеш

 

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

 

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

 

 

Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін  Болашақ бөбекжайының меңгерушісі Бейсембаева О.К сөз беріледі.

Ән: «Достық» 

 

Кенесары - Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

 

Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.                       Еркежан

 

Просыпается природа,
В свете солнечном земля.
Ах, какое время года!
С 1-м Мая вас, друзья!

Будет тёплой пусть погода
В вашем доме круглый год.
Мимо пусть пройдут невзгоды,
И всегда во всём везёт!                           Замира

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

 

Әуен жіберіліп тұрады. Ортаға  өзбек халқы  шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді.

 Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

 

 

(Испан халық ұлт өкілдері шығады.

1-биін көрсетеді.

 

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.               Назерке

 

 

Мы Первого мая с флажком

По улице нашей идём.

Ты, солнышко, ярче свети!

С тобой веселее идти!                   Доминика

 

 

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.     Айсұлтан

 

Жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

 

Жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Просмотров: 202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст