Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Гүлдер әлеміне саяхат»

21.04.2023

 20.04.2023ж

«Күншуақ» ортаңғы тобы                                                                                                          

Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық. Әлеуметтік орта

                    Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршаған ортамен танысу.                                Сөйлеуді дамыту. Математика негіздері. Жапсыру. Құрастыру. Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Гүлдер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын нығайту.                            Балалардың сөздік қорын нығайту. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру. Балалардың біліктілік дағдыларын қортындылау.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, достыққа, эстетикалық талғамға, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.

   Іс-әрекетінің кезеңдері

                               

                              Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

                          Мотивациялық -қозғаушылық

(Балалар залға кіреді. Аяқ астарында алуан -түрлі гүлдер жатады. Ол гүлдерді аяқтарымен баспай, жүргіншілер жолымен жүреді)

                  Шаттық шеңбер  

Амансың ба Алтын Күн,

Амансың ба Жер Ана.

Амансың ба достарым

Сендерді көрсем қуанамын!

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шаттық

шеңберін орындап, бір-біріне жылулығын білдіреді.

                                                           Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

-Балалар, бүгін ерекше күн.

-Неге-? десеңдер, сендер осы апайларға қонаққа келдіңдер.

Олай болса үлкендермен амандасайық!

-Сәлеметсіздер ме?

-Қараңдаршы балалар, қандай әдемі гүлдер!

-Демек,  бұл гүлдерге қарап-баптайтын адам бар сияқты.

 

                       Ғажайып сәт:

(Бағбан ата келеді)

Бағбан ата: -Сәлеметсіңдерме, балаларым!

Мен осы үйдегі Бағбан аталарыңмын.

Сендер туралы жақсы сөздер естідім.

Сендердің өте ақылды, өте алғыр балалар деп есітідім.

-Тәрбиеші: Олай болса балалар бар өнерлерімізді көрсетейік.

-Бағбан ата төрге шығыңыз.

 

-Қазір қандай мезгіл?

 

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

 

-Атап беріңдерші?

-Өте дұрыс атап бердіңдер!

 

-Балалар қазір көктем мезгілі болғандықтан, жаңбыр көп жауып, жерге көк шөп шығып, жеріміз жасыл кілем жамылады.

Алғаш рет бәйшешек гүлдері шығады.

Одан кейін бақ-бақ гүлдері, қызғалдақ гүлдері өсіп шығады екен.

Көктем мезгілінде егін егеміз, ағаштар, гүлдер отырғызамыз.

-Бағбан ата: -Балаларым мен сендерге құмыраға гүл отырғызып көрсетейін.

Бұл гүлдерді де бала сияқты баптау керек. Уақытында суын, тыңайтқыштарын мөлшерімен беріп отырумыз керек.

Гүлдер бізге оттегі береді, ал өзіне көмірқышқыл газды тартып алады екен.

Сендер осы гүлді топтарыңда күтіп баптаңдар.

Тәрбиеші: Бағбан ата  біздің «Күншуақ» тобының балалары да гүлдерді жақсы көреді.

Мақал-мәтел: Әр атаның өз ұлы бар,

                           Әр ағаштың өз гүлі бар.

1)Дәстүрден тыс сурет салу.

Шарты:Сорғыштың көмегімен бастырма сурет салу.

 

2)Мүсіндеу: Қағаздағы гүлдердің  дөңгелек жерлерін ермексазбен толтықтыру.

Шарты: ермексазды алақан арасына салып дөңгелетіп жапсыру

                                    Сергіту сәті:

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай қанат қағамыз

Көбелектей қонамыз.

 

 3.Математика негіздері.

-Балалар, 1ден 5ке дейінгі сандарды дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орналасқан сандардан гүлдің суреті құрастырылып шығады.

Қимылды ойын:

«Әуенді қимылды қозғалыс»

Ойынның шарты: орындықтарда отырған балалар әуен ырғағы мен орын ауыстырып отырады.

 

4.Ұжымдық ойын:

Шарты: балалар екі топқа бөлініп, бір топ ферт матасынан жасалған гүлді құрастырады, екінші топ саңырауқұлақтың түймесін тағады.

Мақсаты: балалардың саусақ моторикасын дамытып, ауызбіршілікке, ұжымшылдыққа баулу.

5.Құрастыру: Орнын тап:

Шарты: Сурет қиындыларын дұрыс сәйкестендіріп өз орнына орналастыру.

 

Мақал-мәтел:

Қыз өссе-елдің көркі

Гүл өссе-жердің көркі

 

6.Миға шабул:

Шарты: Суретте көрсетілгендей, стакан ішіне баклашка қақпақтарын сәйкестендіру, сол қақпақтардан суреттегідей гүлді біріктіру.

 

-Бағбан ата:  Мен сендерге ризамын!

Осылай ұқыпты, ауызбершілікті, достықта болыңдар!

-Тамаша!

 

 

 

-Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

 

-Сәлеметсіз бе,

 Бағбан ата!

 

 

 

 

 

 

 

-Қазір көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде үш ай бар?

-Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

 

 

 

-Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Тілек.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін

қимылмен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Медина

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар қуанады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

 

Балалардың жұмысын талдау.

Балалар бүгін біз қонаққа қайда бардық?

Біз ненің суретін салдық?

Балалар Бағбан ата сендердің жасаған жұмыстарыңа риза болды.

Балалармен Бағбан атамен қоштасады.

 

 

 

 

-Бағбан атаның үйіне бардық.

 

 

-Қош сау болыңыз!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1ден 5ке дейін сандарды білген.

Игереді: Желім мен гуашпен дұрыс жұмыс жасауды игерген.

Меңгереді: Қәуіпсіздік ережелерін меңгерген.

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст