Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: "Көктем кереметі"

19.04.2023

Білім беру саласы: Таным.Қатынас. Шығармашылық.Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған  ортамен танысу. Көркем әдебиет. Сөйлеуді дамыту. Математика негіздері. Құрастыру. Аппликация.
Тақырыбы: Көктем кереметі
Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу. Жеке топтық жұмыс арқылы балаларды шпапшандыққа баулу, сонымен қатар ойлау қабілетін сөйлеу дағдыларын дамыту.1 ден 10 дейінгі сандарды тура және кері санау арқылы бекіту.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, бақбақтың  суреттері,Арт терапиясы. Дәстүрден тыс сурет салу.

Мативациялық қозғаушы:
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен қәне солармен амандасып алайық

 Балалар сендерге танертен ұйқыдан тұрғаннан кейін аналарың қайырлы таң тілейме?

Балалар: иа

Тәрбиеші: ендеше біз өз – өзімізге қайырлы таң тілейік.
Шаттық шеңберіне тұру.
қайырлы таң көздерім ,  сендер ояныңдар

Қайырлы таң кұлақтарым, сендер  ояныңдар

Қайырлы таң  беттерім , сендер ояныңдар

Қайырлы таң көздерім, сендер  ояныңдар

 Қайырлы таң қолдарым , сендер  ояныңдар

Қайырлы таң  ,  аяқтарым сендер ояныңдар

Қайырлы таң  достарым

Қайырлы таң қонақтар.
(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)
Бүгін бізде ашық оқу іс - әрекеті: Көктем кереметі..

Балалар , бүгін бізге сабаққа    «Көктем ханшайымы» – , хат тасушыдан  бірнеше тапсырмаларын   беріп жіберіпті.  Орындауға дайынбыз ба?  Не тапсырма екенін білгілерің келе ме?

-Балалар: иә.

Ендеше хаттағы тапсырманы ашпас бұрын мен сендермен бір ойын ойнағым кеп отыр. Ойнайсыңдарма?

-Балалар: - иә

 Ойын: «Кім тапқыр» 

Шарты: Көктем мезгіліне байланысты, бір суретті алып сөйлем құрап беріңдер.

Балалар Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінің қай айы?
Көктем мезгілінің сәуір айы.
- Көктем айларын атаңдар
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді.
- Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?
Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
- Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
- Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді
Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді.
- Жарайсыңдар балалар.

- 1 Хат тапсырма . Көктемнің гүлдеп шығатын гүлін кім атап береді? 

Балалар –Бақбақ

 Бақбақ гүлді маған жасап беріңдер дейді?

Балалар . ендеше сол бақбақ гүлін қазір біз жұмсақ  салафан арқылы гуашпен жағып бояп шығарайық. Бақбақ гүлінің сабағын мақта таяқшасы арқылы сызып қосамыз.

-Тәрбиеші. Балалар сендерге бақбақ гүлі  ұнадыма?

-Балалар. Иә

2 Хат Тапсырма..  Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Балалар қараңдаршы  мынау қандай әріп ?     А

-Балалар. А әрпі

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар ендеше  ойын А әрпіне сәйкес сөздерді тауып  алып қоршап сызу.

3 Хат  тапсырма. :  Сергіту сәті

Ойын: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса аяқтарын топылдатады.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
6) Гүлдерді жұлу.
7) Құстарға ұя жасау. (Ойын ойнайды)
Балалар қолдарын
Шапалақтайды.
Аяқтарын топылдатады.

4 Хат  тапсырма : Ойын : Кеңістікті бағдарлау . мен өлең жолдарымен сендерге тақпақ  айтамын , ал сендер кеңістікті шешіп тақтаға сурет арқылы  бағдарлайсыңдар.

Жоғарыда ақша бұлт күлімдеген

Арасында күн нұрын шашқан

Ал төменде айдын көл мөлдіреген

Жағасында қос  аққу орын тапқан

Жарайсыңдар , балалар.

5 хат Тапсырма: Кірпі мен  көктем ағашының суретін қалай бейнелеуге болады?

  Кірпінің  суретін  желімнің көмегімен дәнді дақылдармен  жағып бастырып шығамыз. Көктем ағашын қытырлақ қағазбен  гуаштың көмегімен бастырып мүсінін шығарамыз.

Кірпі . Көктем ағашы

6 Хат тапсырма :  1 ден 10 дейінгі сандарды тура және кері санау.Балалар гүлдердің күлтешелері шашылып қалған соған көмектесіңдерші?  Гүл күлтешелерін нүкте арқылы сандармен сәйкестендір.

8 Хат тапсырма: Гүлді бүктеу арқылы оқу қызметін аяқтау.

Хат тасушы: – «Көктем ханшайымының»сендерге ризашылығын білдіріп   және өзінің сыйлықтарын беріп жіберіпті.

Рефлексивті коррекциялаушы:
- Бүгін бізде қандай оқу іс - әрекеті болды?
- Оқу іс – әрекеті ұнады ма?
Сендер қайда бардыңдар? Не жасадыңдар?

Күтілетін нәтиже: Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі қалыптасты.
Білуі тиіс: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Игеру: Шығармашылығын дамыту.

 

 

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст