Ұйымдастырылған іс-әрекет: Кіріктірілген іс-әрекет
Тақырыбы: «Көңілді саяхат»
Мақсаты: : Жеке,жұптық және топтық жұмыс арқылы балаларды шапшаңдыққа баулу,сонымен қатар ойлау қабілетін,сөйлеу дағдыларын дамыту.Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көктем көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, сандар, құстардың,жануарлардың суреттері.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,қимылды ойын, сұрақ- жауап.
Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыз ба, қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі. Ал, көктемде неше ай бар, қазір қай ай?
Балалар: 3 ай бар,сәуір
Тәрбиеші: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:Көктем мезгілінде күн жылынады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,көктемде күн жылынады күн шуағын мол шашады ,сол себепті қар еріп, жылғалардан су ағады. Туған жерге құстар ұшып келеді.
Ғажайып сәт: Қарлығаш ұшып келеді.Тәрбиеші қарлығашты алып қарайды,оның қанатында хат бар екен.Хатты ашып оқиды ,хатта былай жазылған екен:Мен қарлығашпын күн жылынып көктем мезгілі болды дегенді естіп ұшып келдім. Балалар мен сендерді саяхатқа шақырамын онда сендер көктем көрінісін тамашалайтын боласыңдар, ол өте алыста сондықтан сендер адаспай бару үшін мен сендерге жол картасын қалдырдым,ол сендердің топтарыңда қораптың ішінде.Балалар қарлығаш ерте көктемде келетін құстардың бірі.
Тәрбиеші: Балалар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? Иә
Балалармен бірге қорапты тауып жол картасын алады.
Тәрбиеші: Балалар,жол картасында аялдамалар белгіленген екен,көктем көрінісін тамашалау үшін осы аялдамалардан өту керек ,ал ол аялдамалардан өту үшін тапсырмаларды орындау керекпіз,сендер дайынсыңдар ма?
Балалар: иә
Балалар саяхатқа біз автобуспен барамыз.Ал автобусқа міну үшін билет алу керек.кәне билет алайық.
Балаларға сандар мен пішіндерден құралған билет таратылады.
Балалар автобусқа отырады.Ең бірінші бағдаршам туралы айтылады,түстері белгілері еске түсіріледі.Осыдан кейін жолға шығады.Жолдағы аялдамалар көктем белгілерінен құралған,әр аялдаманың тапсырмасын орындағанда ,сол көктемнің белгісі арнайы дайындалған тақтаға ілініп отырады ,осылай барлық аялдамадан өткенде көктем көрінісі шығады.
1.«Бұлт» аялдамасы:(балалар билеттері бойынша 2топқа бөлінеді)
1-топ:Пішіндерді ,сандарды өз үйлеріне орналастыру ,түтікше арқылы.
2-топ: Пішіндерді санына ,түсіне қарай дұрыс орналастыру.
2. «Кемпірқосақ» аялдамасы:
1-топ: Кемпірқосақтың суретін қол сүртетін сүлгіге сызып ,тәрелкедегі суға салады.
2-топ: Кемпірқосақтың суретін губка арқылы салады.
(дәстүрден тыс сурет салу)
3. «Күннің көзі» аялдамасы: Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
4. «Құстар» аялдамасы:
1-топ:.1) Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың көлеңкесін жасау.
2-топ:1)Үй құстары мен дала құстарын ажырату.
2)Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату.
4. «Ағаштар» аялдамасы:
1-топ: Ағаш пен ұя құрастыру
2-топ: Не артық? (әр түрлі ертегі кейіпкерлері берілген ,солардың ішінен артығын тауып қоршап сызу)
Қортынды:Аялдамалардағы тапсырмаларды орындағаннан кейін көктем көрінісі құрастырылады.Балаларға сұрақтар қойылады ,балалар суретке қарап жауап береді. Сол арқылы іс-әрекетімізді қортындылаймыз.
Тәрбиеші:Саяхатқа бізді қандай құс шақырды?
Балалар: Қарлығаш
Тәрбиеші:Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?Көңілді болды ма?
Балалар :Ия, ұнады .Саяхат өте көңілді болды.
Тәрбиеші: Іс-әрекетіміздің қалай өткенін білу үшін мына үстелдің үстінде тұрған смайликтерді алып тақтаға жабыстыра қойыңдар.Егер ұнаса көңілді,ұнамаса көңілсіз смайликті аламыз.
Балалар аялдамалардағы тапсырмаларды толық орындадыңдар!
Жарайсыңдар ,сау болыңдар!