Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Қоянға көмек

17.04.2023

Білім беру саласы: Таным.Қатынас, Шығармашылық. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған  ортамен танысу. Сөйлеуді дамыту. Аппликация, Математика негіздері,
Тақырыбы: Қоянға көмек

Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қорытындылау. Балалармен   аз –көп, үлкен – кіші сөздерін пысықтау. Түстерді, көлемді, пішінді ажырата білуді қайталау.1-5 –ке дейін санауды айта білу.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, ақыл – ойын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін, өзін – өзі бағалай білуін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Дәстүрден тыс сурет салу.

Тәрбиелік: Балаларды топпен жұмыс жасауға бір – біріне достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: әңгіме, ойын, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: Қоянның суреті. Сәбіз. Сандар

Тәрбиеші балаларды топпен залға кіргізеді. Қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Сәлеметсіңдерме, достарым

Сәлеметсіздерме қонақтар.

Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінде күн қандай болады?

Көктем мезгілінде құстар қай жақтан ұшып келеді?

Көктемде ағаштар не жарады?

Көктем мезгілі екенін қайдан білесіңдер?

Тәрбиеші: Тамаша

Балалар бізге бір хат келіпті . Тақтаға қараңдаршы. Бұл не?

-Балалар: - Қоян

-Тәрбиеші: - дұрыс қоян екен. Балалар қоянымыз мұңайып тұр екен, жылап тұр екен? Ол неге жылап тұр білесіңдерме?

-Балалар. –иә.

-Тәрбиеші: Қазір мына хатты оқып қоян не үшін мұңайып тұрғанын білейік.

Сәлеметсіңдерме, «Болашақ» бөбекжайының балалары. Сендерге қоян хат жазыпты.

-Қоян  : балалар мен жаздай еңбек етіп күтіп баптап өсірген сәбізімді біреу қазып алып кетіпті. Менің сүйікті асым сәбізді қайдан іздесем болады? Енді менің қарным ашатын болды? Маған сүйікті асым сәбіз керек , маған көмектесесіңдерме?

-Балалар : - иә.

-Тәрбиеші : балалар ендеше менің қолымдағы не?

Балалар: сәбіз.

Тәрбиеші: сәбіздің түсі қандай? Жапрыақтары? Сәбіз қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: қызғылтсары, жасыл, үшбұрыш.

-Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар. Олай болса біз қазір сәбіздің суретін қоянға салып береміз. Оны біз бастырма арқылы саламыз.

Тәрбиеші: балалар қараңдаршы қоянымыз енді нестеп тұр?

-Қоян : рахмет,балалар.  Сендерге рахмет  маған  сәбіздің суретін салып бергендерің үшін. Бірақ менің қарным ашып тұр.  Менің сәбіздерім біржерге жасырынып қапты , сендер тауып бересіңдерме?

-балалар : - иә.

-тәрбиеші: Қане балалар қараңдаршы ,мына жерде ыдыстар тұр екен. Оның ішіде не бар екенін көрейікші?

-Балалар:  Сәбіз бар.

Тәрбиеші: сәбізді санау арқылы қоянды тамақтандырады.

Сергіту сәті;   «Тәулік бөліктері»

3- тапсырма:
— Тәрбиеші:  Мына суретте не бар екен балалар?

-Балалар:  Сәбіз.

Тәрбиеші: Қандай сәбіздер екен?

-Балалар: үлкен, кіші.

Тәрбиеші: енді мына қоянға қараңдаршы сәбізім қашан өседі екен деп отыр. Алдымен біз кішкентай сәбізді алып егеміз. Содан кейін үлкен сәбізді егіп берейік.  Қане балалалар жабыстырайық.

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

Қимылды ойын: Сандар.

Тәрбиеші: Жарйсыңдар балалар!

Қоян: Балалар сендер өте білімді екенсіндер.

Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар балалар, деп жеке жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.

Қоян : Рахмет балалар.Мен сендерден бүгін көп нәрсе үйрендім көктем туралы,аз-көп,үлкен – кіші дағдыларын  және санап үйрендім.Сендердің сәбіздерің де өте керемет сыйлық болды енді мен де сендерге сыйлығымды берейін.(Сыйлықтарын таратып береді)
Енді менің кетуім керек  кеш түспей үйіме қайтайын сендерден үйренгенімді ормандағы аңдарға айтайын сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:Сау бол, қоян  балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст