Ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Білім саласы: «Таным »
Білім бөлімі: «Қоршаған орта »
Кіріктірілген бөлімдері: «Қоршаған орта» . «Қарапайым математика негіздері », «Мүсіндеу».
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаттары: Үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыру. . Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу.
Дамытушылық: дидактикалық ойын арқылы ақыл-ойларын ,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтіп баптауға, сүйіспеншілікке, қамқор болуға баулу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақ,дидақтикалық ойын .
Көрнекілігі: ойынға араналған дидактикалық материал,фетрдан жасалған жол,үй жануарлары мен төлдері,асықтар ,корабтан жасалған сиыр.
Оқу қызметінің түрлері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Ұйымдастыру. Сезімін ояту. |
- Балалар, бүгін біз үшін ерекеше күн, өйткені бізге қонақтар келіпті. - Алдыменен біз келген қонақтармен амандасып алайықшы. «Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»- дегендей: Қайырлы таң-көк аспан, Қайырлы таң- алтын күн, Қайырлы таң – жер ана, Қайырлы таң –апайлар, Қайырлы таң –достарым. - Балалар, ауа райы қандай болып тұр? - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді екен? -Негізі неше жыл мезгілі бар ? -Балалар ,біз балабақшаға бес күн келіп ал екі күн демалады екенбіз.Ал енді айтыңдаршы бір аптада неше күн ? -Жарайсыңдар ! |
Балалар өлең жолдарын айтып. қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.
|
|
-Балалар,мен танертең топқа келгенде пошташы ағай келіп бір хат әкелді .Ашып көрейік не бар екен ішінде.Ішінде бүгінгі іс –әрекетіміздің тақырыбы жасрынған екен . Жұмбақтар жасыру. -Сиыр,жылқы,түйе,қой ,ешкіні бір сөзбен қалай атаймыз? -Дұрыс үй жануарлары деп атаймыз. ( тәрбиешіге Амина әже қоңырау шалады) Амина -әже: -Баян апай ,маған көмек керек болып тұр.Балам да ,немерелерім де Астанаға жол жүріп кетті ал мен болсам үй жануарларына ие болып қалдым бірақ төлдерім араласып ,сиырым сауылмай аш тұр . -Амина әже үайымдамаңыз біз балалармен қазір бес минуттын ішінде келеміз. -Балалар жолға шығайық .Қысқа жолмен барйық бірақ мына жолды жамау керек қой. Дидатикалық ойын: «Сандармен пішіндерді сәйкестендіру». -Сәлеметсіз бе ,Амина әже.Қандай жұмыстан бастайық. (Балаларды топқа бөлу) 1)Дидактикалық ойын ; «Төлін тап» ойынын ойнайықшы. Мақсаты: төлдерін анасының қасына қойып, ажырата білу. 2)Дидактикалық ойын : «Жануарларды санап ал» Мақсаты:есеп шығару. Сергіту сәті: «Қара жорға»асықтармен қара жорға бидің қимылдарын жасайды. 3)Тыныс алу жаттығу ойыны : «Жануарларды тамақтандыру» Мақсаты: балалар үрлеу арқылы жануарларды тамақтандырады.(шөп береді). -Амина -әже :сиыр сауатын уақыт та келіп қалыпты ғой . 4) «Сиыр сауамыз» . Дидактикалык ойын . Мақсаты :балалардың қол моторикасын дамыту. 5)Сүзбеден әр түрлі пішіндер жасайды. Мақсаты : балалардың қол моторикасын дамыту. Амина әже : -Ал енді балалар мен сендерді тамактаңдырайын .Міне айран ,сүт,қаймақ ,ірімшік ,күрт ішіп жеп алыңдар және де сендерге жолға кептірілген күрт берейін .Рақмет сендерге балалар , сендер көмекке келмегенде мен не істеу ішедім.
Логикалық сұрақтар: 1)Екі сиырда неше мйізі бар ? 2)Үш жылқыда неше құлақ бар? 3)Екі қойда неше аяқ? 4)Бір ешкіде неше бас? 5)Қойдын төлін қалай атаймыз? 6)Түйенің төлін қалай атаймыз? Рақмет сендерге балалар бүгінгі іс –әрекетімізге өте белсенді қатысқандарын үшін!
|
Жұмбақтардың шешуін табады.
.
Балалардың жауабтары.
Сандар мен пішіндерді сәйкестіңдіреді.
Бірінші топ көк гүлдер ал екінші қызғылтсары..
Төлдерін ажыратуға тырысады.
Санап есеп шығарады.
«Қара жорға» бидің қимылдарын жасайды.
Шөпті үрлеп сиырдың аузына кіргізеді.
Сиырды сауады.
Сүзбеден әр түрлі пішіндер жасайды.
Сүт өнімінен жасалған тағамдардың дәмін көріп , Тәтті құрттарын алып балабақшаға оралады.
Логикалық сұрақтарға тез жауап беруді тырысады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының төлдерің ;сандарды 1 ден -10 ға дейін ;пішіндерд;сүзбеден әр түрлі пішіндер мүсіндеу.
Игереді: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысы;
Меңгереді: үй жануарлары туралы жалпы түсінік қалыптасады.