8- наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Ортаңғы топ
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барысы: Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген. Көңілді әуен қосылып, балалар өз жұптарымен кіріп орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Ертеңгілікті бастамас бұрын, сөз кезегін «Болашақ» бөбекжайының меңгерушісі Бейсембаева Ө. К берсек.
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (көктем) кіреді.
Көктем:
Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн, әжелер мен аналар мерекесі.
Жүргізуші: Көктем төрлет, біздің бүлдіршіндердің сіздерге арнаған сыйын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: олай болса Көктем балалармен бірге аналарымызға арнаған әнімізде шырқап берейік.
«МЕРЕКЕҢМЕН АНАШЫМ» - әні
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мерекеңіз бүгінгі 2-рет
Құтты болсын анажан
Сізге бүгін сый-құрмет
Жан анашым мерейім
Қаласаңыз би билеп 2-рет
Әне де шырқап берейін
Тәрбиеші: Олай болса мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында«Көбелектер» биі қабыл алыңыздар.
КӨКТЕМ: Жарайсыңдар қыздарым.
Ойын: «Сұрақ -жауап»
Көктем: -Балалар мен сендердің аналарыңның есімдерін білгім келеді. (балалар жауап береді).
Көктем: -Үйде әже - аналарымыз сендерді қалай еркелетеді?
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
ТАҚПАҚТАР.
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде.(Асылым)
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін(Тілек)
3) Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің сізге тілерім
Қартаймашы анашым(Қымбат)
Күнжігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған(Айсұлтан)
Жүрзізуші: Көктем балалар қалған тақпақтарын кейінірек айтып берсін.
Ендігі кезекте қыздарымыздың мерекесіне арнайы, ұлдарымыздың тартуын қабыл алыңыздар. «Ұлдар биі»
ОЙЫН: «АНАҢЫҢ СУРЕТІН ТАП»
Шарты: балалар өз аналарының суреттерін дұрыс табу керек.
ӘН «АНАШЫМ»
Мақтанам апа, шат әнім апа
Өзіңе тақпақ, жаттадым апа
Мен үшін жан асыл
Тек өзің ғанасың
Қартайма, жүз жаса, 2-рет
Апатай-Анашым
Дарасың апа, Данасың апа
Әркез сен маған, Жанашыр апа
Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Аналардан тарайды Біздің ана тіліміз (Айжанар)
Аспандағы айымсың Бақытыма балаған Құтты болсын мерекең Айналайын жан анам (Дильнара)
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым(Медина)
Әжем менің асыл жан Мейірімді жақсы адам Жамандықтан шектейді Әжеме ешкім жетпейді (Алинұр)
«ҚУЫРШАҚТАР» биі қабыл алыңыздар!
Көктем: Жарайсыңдар бүлдіршіндер, сендердің тартуларым ұнады, сендерге ризамын.
(бір мезет көктемнің ұялы телефоны шырылдайды)
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Өз қолыммен жасған сыйлықтарымды ала келдім. Аналарыңызға сыйлай қойыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші:
Ал осымен тәтті бүлдіршіндеріңіздің дайындаған ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Келген қадірлі қонақтарымыздың пікірін білсек, айтарларыңыз болса ата- аналар сөз кезегі сіздерге беріледі.
Құрметті ата-аналар, тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілей отыра ертеңгілігімізді аяқтаймыз!
Қош сау болыңыздар!