Мақсаты: Балаларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, аналардың
өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,сүйіспеншілікті арттыруға,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.Сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер! -Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы. Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз.
Ведущий:Добрый день дорогие мамы! Сегодня мы вас пригласили, чтобы поздравить с наступающим праздником 8 Марта!Хотим вам пожелать в этот прекрасный день крепкого здоровья,счастья, будьте всегда такими красивыми.
1 . Мама! В этом слове – солнца свет!
2. Мама! Лучше слова в мире нет!
3. Мама! Кто роднее, чем она?
4. Мама! У нее в глазах весна!
5. Мама! На земле добрее всех!
6. Мама! Дарит сказки, дарит смех!
7. Мама! Из-за нас порой грустит.
8. Мама! Пожалеет и простит.
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз ерекше болмақ мұнда аналарымыз қатысып сайысқа түседі.Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Өрік Қабатайқызына береміз!
Ендігі кезекте біздің бүлдіршіндеріміздің аналарына арнаған ән-шашуын қабыл алыңыздар!
Ән: «Ақ мамам»
Кенесары:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Батырхан:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Ақнұр:
Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді аламын
Ақылды боламын
Доминика:
Мама и бабуля
Поздравляю вас
Вы же красотули
Краше всех у нас
Еркежан:
Анам,анам,ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын
Сезім:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген кремет
Сыйлап өтем өмірде
Замира:
В день ,весны тепла и солнца
Поздравляю маму я
Ведь она добра,красива
Мама милая моя
Жансая:
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде
Каусар:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Назерке:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам
Рахмет сендерге!
Аналар мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Ал,кәнекей Анашым!» сайысына қош келдіңіздер, мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Ведущий:В этом году мы решили поздравить наших мам необычным способом: они будут принимать участие в нашем празднике и почувствуют себя самыми красивыми, самыми талантливыми, самыми необыкновенными и самыми любимыми. Уважаемые дети и мамы! И так, пришло время начать конкурс «Ану,ка Мамы! »
Жүргізуші:Ендігі кезекте, сайысқа түсетін ардақты аналарымызды ортаға шақырамыз.
Ведущий : Наш конкурс– это повод для веселья и праздничного настроения и возможность ещё раз убедиться, что наши мамы самые красивые, самые весёлые ,самые находчивые и могут всё на свете. А сейчас под ваши бурные аплодисменты мы приглашаем самых смелых мам, которые согласились сегодня принять участие в нашем конкурсе.
Жүргізуші:
Ана десем - алғыс алам халқымнан,
Ана десем – теңіз болам шалқыған,
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын!
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар,
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты кезеңнен тұрады:
1.«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін және қызын таныстыру)
2. «Шебер қолдар» қолөнер сайысы(үй тапсырмасы,үйден дайындап әкелген қолөнер бұйымын көрсету,түсіндіру)
3.«Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)
4.«Сұрақ-жауап» сайысы (салт-дәстүрге байланысты)
5. «Сән үлгісі-2023» (анасы мен қызы көрсетеді)
6.«Менің еркетайым» (балаңызды қалай еркелетесіз,еркелетіп айтатын сөздеріңізді жазасыздар,2минутта кім көп сөз жазады)
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Ал сайыстың бөлімдерімен таныс болдыңыздар ендеше сайысымызға әділ бағасын беретін Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Прежде чем начинать наш конкурс разрешите представить вам наше самое честное, самое справедливое, самое неподкупное жюри:
(Сайыс 5балдық жүйемен бағаланады)
1.Балабақшамыздың меңгерушісі – Бейсембаева Өрік Қабатайқызы
2.Балабақшамыздың медбикесі- Асхар Жанал
Ал, енді әділ қазылар алқасымен таныс болдық аналарымыз дайын болса сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз.
1.«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
2.«Шебер қолдар» (үй тапсырмасы,үйден дайындап әкелген қолөнер
бұйымын көрсету,түсіндіру)
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
Сайыстың 2-ші кезеңіне өтеміз.
3.«Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)
Қазір алдарыңызда аналарымыз бен қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
Келесі кезеңге аналарымыз дайын болғанша біздің қыздарымыздың аналарына арнаған биін қабыл алыңыздар!
Би: «Қыздар биі»
4. «Сұрақ-жауап» кезеңі .(Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі)
5. «Сән үлгісі-2023» (анасы мен қызы сән үлгісін көрсетеді)
6. «Менің еркетайым» (балаңызды қалай еркелетесіз,еркелетіп айтатын сөздеріңізді жазасыздар,2минутта кім көп сөз жазады)
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
Жүргізуші: Әділқазылар аналарымыздың бағаларын саралағанша. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Вальс» биі. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ! дей келе өз сыйлықтарымызды сыйлауға рұқсат етіңіздер. (Балалар өздері дайындаған сыйлықтарын береді)
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі.
Жүргізуші: Міне аналар мейрамы күлімдеп, көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік
сайысымызды аяқтаймыз.Сайысқа қатысқан аналарымызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!