Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Балабақша — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
«Бар жақсылық,күллі әлемге тараған Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,Ардақты аналарға арналған.
-дей отырып қадырлі аналар,ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
«Ана деп ән саламыз»
Бүгін біздің балабақшамызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.
1-ші Аделя анасымен — Асима Сагинтаевна
2-ші Зере анасымен — Айгерім Мырзабековна
3-ші Медина анасымен — Ильмира
Шаттық шеңберіне тұру.-Лебіздерін айту.
Жүргізуші — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарың құтты болсын.
1 бала — Баршаларыңа сәттілік тілеймін.
1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.
2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.
2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз
3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.
3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.
Сайысқа қатысу ретін анықтау.
Тақпақтар:
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1)Хасенова Айбаршын Ұлықпановна-тәрбиеші
2)Сайлау Айжан Козбагарова — ата-ана
3) Арман Өміргүл-әдіскер
Би «Көктем»
Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:
1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» сән көрсету үй тапсырмасы
3 бөлім — «Отбасы тағамы»сайысы
4. бөлім — «Кілемшені әшекейлеу» шығармашылық тапсырма сайысы.
5.бөлім –жылы лебіздер жазу
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.
1 бөлім — Таныстыру.
Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Балалардың тақпақтары:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы»-сән көрсету үй тапсырмасын тамашалайық.
Ән: «Әжетайым»
Қазанда бүлк-бүлк етіп тамақ қайнап
Балалар құлын-тайдай күліп-ойнап
Дәм татып берекелі дастарханнан.
Атасы бата берсе жүзі жайнап.
— деп, сайысымыздың 3 бөлімі — Отбасы тағамы
Кең әлемнен басын қосып бар қазақ,
Қуанғанда балабақшада той жасап
Қонақтарға арнап сыйға тігілген
Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап деп 4 бөлімі басталады
Киіз үйі-өрнектеу қазақ оюларымен
5 бөлім— «Баланың таңғы оянуы»
30-секунта кім көп жылы лебіздерін атайды
Би: «Папито»
Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.