Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Сіздерге арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілімізді «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін ортаға қабыл алыңыздар.
«Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Анашым» «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
– Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, балабақшаға өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Жүргізуші: Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік
Енді алдарыңызда балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар. Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
Әлпештеген баласын,
Ана, бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын
(Осы сәтте есік қағып, көңілді әуенмен Маша жүгіріп келеді).
Маша: Достарға сәлем! Мен таныдыңдар ма? Мен Машамын ғой! Ең ақылды, ең көңілді, ең тәрбиелі қызбын. Мен сендердің әжелеріңді, аналарыңды және қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ертегілер елінен келдім.
Жүргізуші: Маша бізге сыйлыққа не әкелдің?
Маша: (ренжіп) мен гүл шоқтарын дайындап едім. Бірақ оларды жүріп келе жатып шашып алдым.
Жүргізуші: Балалар біз Машаға гүлді жинап көмектесейік.
Маша: Жарайсыңдар балалар
Ойын «Газет үстінде би» ата – аналармен ойын.
(Балалардың көмегіне риза болған Маша билей жөнелді).
Жүргізуші: Маша сен қандай тәттіні жақсы көресің.
Маша: Үлкен торт, варение.
Жүргізуші: Жоқты айтпа! Бізде варение жоқ. Ал тәттіні мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тістің ауыратынын білмейді екенсің ғой.
Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болу үшін дене шынықтыру мен шұғылданған жөн. Қазіргі біздің балалар өздерінің қандай күшті екендерін саған көрсетеді.
Балалардың биі. « Кір жуу»
(Маша балаларға алғысын айтып, ертегілер еліне кетеді).
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Балалар: Көктемде!
(Залға вальс әуенімен қолында сыйлық салынған себеті бар көктем кірді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, Балалар, аналар!
Сағыныш пен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Жүргізуші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды.
Жүргізуші: Көктем, сен балаларға не әкелдің?
Көктем: Мен сендерге көктемнің шұғыласын әкелдім.
Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
ән «Әже»
Көктем балаларға алғыс айтады.
Жүргізуші:
Ата - аналармен ойын. « Өз балаңызды табыңыз»
Шарты: 3 - 4 ата - ананың көзін байлап, ортадан өз баласын тапқызу.
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
би: « Көктем» қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Әлпештеген баласын
Ана, бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
Құрметті аналар, апайлар осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Келгендеріңізге көп рахмет!