Тақырыбы: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін жетілдіру.Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблема. Зерттеудің нәтижесінде балалардың тіл дамуы саусақтың қозгалуына байланысты деген тұжырым жасалды. Сонымен қатар саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Қолдың ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі ұйымда жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.
Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса және 6 жаста тиек тігу – орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы бала тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығуларды мақсатты пайдалануылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек:
— қолмен ермексазды жұмсарту;
— алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық — жабылдық);
— екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады;
— ауада саусақпен сурет салу;
— қолдың басымен қолшам жасау;
— түймелерді тағып- ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып – жабу т.б.;
— қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;
— бұрандалар мен сомындарды бұрау;
— конструктор ойыны;
— құммен сурет салу;
— түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу;
— «Бассейн» ойынын ойнату т.б.