Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"БЕРЕКЕЛІ ЖАҢА ЖЫЛ"

29.12.2022

«Берекелі Жаңа жыл»

(әуенмен балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар!

Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол,                                 есте қаларлықтай мерекелерге толы ескі жылды шығарып салып,

жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз.

Қыс түсіп, айнала аппақ қарға оранды. Әркім барын киіп,                              сәнді киімдері мен әсем безендірілген жасыл шырша жаңында жиналып отырмыз.

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай .

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілді жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

(әуенмен залға барыс келеді)

Барыс: Сәлеметсіңдер ме балалар мен Барыспын.

Сендермен қоштасқалы келдім. Сендерге тілерім дендерің сау,

болашақтарың жарқын болсын, келесі кездескенше аман-сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша!                        Сендерге ұнады ма? Ал, шыршада қанша ойыншықтар тағылған?

Ал балалар сендер білесіңдерме, шырша неге әдемі безендірілген?

Бүгін қандай мереке?

Балалар: -Жаңа жыл!                                                                                

Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге

Аяз-ата мен Ақшақарды шақырайық.

Олар орманда жүріп адасып кетпеген болар.

Балалар: Аяз-ата! Аяз-ата! – деп айғайлап шақырады.

(Аяз-ата залға кіріп келеді)  

Аманба батыр ұлдарым,

Аманба ерке қыздарым.

Құтты болсын балалар,

Келген Жаңа-жылдарың!

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Қош келдің Аяз-ата!

(балалармен амандасады)

Жүргізуші: Олай болса балалар сізге арнап Аяз-ата әнін шырқайды.

                             «Аяз -ата» әні

Жаңа жылда барлық үйге,

Аяз-ата келеді.

Жаңа жылда сәбилерге,

Сыйлық әкеп береді.

 

Кел, келе бер, кел келе бер,

Аяз-ата келіңіз.

Көп болсын мерекелер,

Көп қызыққа батамыз.

Аяз-ата: - өркендерің өссін балапандарым!

Сендердің шақыртуларыңды ала сала жолға шықтық.

Бірақ жарты жолда Ақшақарды жоғалтып алдым.

Балалар сендер Ақшақарды көрмедіңдер ме?

Балалар: - жоқ көрмедік.

Аяз-ата: -қайда жүр екен, жалғыз жүруге қорқатын еді.

Мазам кетіп, уайымдап тұрмын. Аман-есен келсе екен.

Жүргізуші: -Уайымдамаңыз Аяз-ата Ақшақарды қазір табамыз.

Қанекей балалар бәріміз бірге Ақшақар деп дауыстап шақырайық!

-Ақшақар! Ақшақар!-деп шақырады.

(Ақшақардың орнына сайқымазақ кіреді де, шыршаны

бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады)

Сайқымазақ: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі.

Мына шыршаның кереметін-ай! Маған ұнап қалды.

Жүргізуші: Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз.

Жүргізуші: -біз Ақшақарды шақырып едік.

-Жолыңнан Ақшақарды көрмедің бе?

Сайқымазақ:-қоңыраушаның дауысын есітсем мен жетіп келемін. Ақшақарды көрмедім. Бірақ бір шартым бар, соны орындасаңдар

Ақшақарды өзім тауып алып келемін.

Жүргізуші: -Айта ғой шартыңды орындайық.

Сайқымазақ: -Балалар маған ойын ойнап берсін.

Мен ойнағанды жақсы көремін.

                            

                                       «Кім жылдам» ойыны

Ойынның шарты: әуен ырғағы мен шеңберді айналып билеп жүріп,

әуен біткенде орындыққа отырып қалулары керек.                               

Ең сонында қалған бала жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Сіздің шартыңызды орындадық.

Енді бізге Ақшақарды әкеліп бер.

Сайқымазақ: Онда мен орманға кеттім. Ақшақарды тауып әкелемін.

Жүргізуші: Аяз-ата балаларымыздың сізге, қонақтарға арнаған билері бар, тамашалап отырайық.

                          «Қар домалату» ұлдар биі

Аяз-ата: Жарайсыңдар балаларым!

(залға Сайқымазақ мен Ақшақар келеді)

Ақшақар: - Аяз-ата, Аяз-ата мен сізден көз жазып қалдым,

бір мезетте боран басталып, сізден адасып қалдым.

 Міне болған жағдай осы.

(Аяз-ата мен Ақшақар бір-бірімен қауышады)

Аяз ата: Айналайын-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі?

Ақшақар: Жоқ, жоқ! Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым

келмейді, үйге қайтамын.

Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!  

Аяз ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.

Жүргізуші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік.

(Аяз ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады)

Жүргізуші: Келесі тамашалайтыңдарыңыз би «Ақ ұлпа»

Жүргізуші: Ақшақар балалармен «АҚ ҰЛПА» биін билейді,

қабыл алыңыздар.

                                    «Тақпақтар»

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз-ата оралып.                               (Алинұр)

 

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.                                (Айжанар)

 

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз-ата сағынған

Сәлем берді жұрттына                          (Айсұлтан)

Ақ сақалды таяқты

Қалың қырау қабақты

Аяз-ата аямай

Бізге сыйлық таратты                           (Қымбат)

 

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса                                (Нұрасыл)

 

Жасыл желек жамылған

Асыл мойыншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған                         (Медина)

 

                                            

                                        «Жаңа-жыл» әні

Ал балалар тұрмайық,

Би билейік жырлайық

Жаңа жылды қарсы алып,

Әсем әнге салайық.

 

Топ-топ басайық,

Алақанды соғайық

 

Ән салайық қол соғып

Жаңа-жылды қарсы алып,

Аяз-ата, Ақша қар

Қарсы алайық балалар. 

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар!

Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар!

 (Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да):

Қоян: Он екі жылда оралар,

Үлкендерге ақ ниет.

Сіздерге де ақ ниет

Орталарыңызға қош келдім!

Барлығы: Қош келдің қоян.

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл

Аяз ата: Ал айналайын Жаңа жыл,

Келген қадамыңа нұр бітсін!

Қоян: Құметтеріңізге рахмет!

 

Жүргізуші: Ал балалар сендер ойын ойнағыларын келеді ме?

                           Ойын: «Қоян мен сәбіз»

Шарты: Қоянның себетіне сәбіздерді жинап салады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар , балалар!

Балалар біз сендерге жұмбақ жасырайық!

Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

(Балаларға жұмбақ жасырады)

Жүргізуші Жұмбақ:

Ақсақалды ата жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына,

Сыйлық алып келеді. (Аяз ата)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады?   (Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.   (Қырау)

Тікен,тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсті.    (Шырша)

 Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Жүргізуші: Балалар сіздерге арнап тағы да ән айтпақшы.

Қабыл алыңыздар.

                        

 

 

                                             «Жаңа жыл» әні

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Иә, балаларыма Жаңа-жылдық сыйлықтарын әкелдім. Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.

Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.  Ал енді біз жолға шығайық.

Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркеңдей беріңдер. Аспандарын ашық болсын!

Қош болыңдар! Қолдарын былғап шығып кетеді

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: сөз кезегін «Болашақ» бөбекжайымыздың

меңгеругшісі  Бейсембаева Ө. К береміз.

Құрметті қонақтар, балалар!

2023- жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.

Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш  әкелсің!!!

 

 

 

 

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст