Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі күніне орай өткізген тәрбие сағатында балалардың білімдерін сұрақ-жауап, көріністер арқылы кеңейту көзделіп, көркем сөз және әсем ән, әңгімелер арқылы олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, саз жетекшісі арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасын мақтан тұтуға, рәміздерін қастерлеуге, туған жерінің байлықтарын білуге, тарихын ұмытпауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті біздің тәрбие сағатымызға қатысушы қадірменді қонақтар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған: «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты өнегесі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе «Ақ желкен» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (балалар жалауша ұстап, музыка әуенімен топқа кіреді)
(Әуенмен әдемі киінген ұлдар мен қыздар қолдарына жалау ұстап кіріп, бір рет шеңбер жасап, жалауларын тәрбиешіге береді де отырғыштарының қасынажарты шеңбер болып тұрады.)
Жүргізуші:
Аспан түс желбірейді көк байрағы,
Алтындай жарқырайды Елтаңбасы.
Сипаттайтын тарихпен заман жайын,
Ерекше ғой Қасиетті Гимні.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын!
Сұрақ – жауап:
Жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың .
Балалар: Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мухамеджанова, Ербол Сыпатаев
Жүргізуші: Жарайсыздар, балалар! Балалар, жалпы айтқанда Тәуелсіздік – ол біздің бейбітшілігіміз, бостандығымыз, еркіндігіміз, өз тілімізде сөйлеуіміз.Балалар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік осы аға - апаларымыздың өр намысымен, қайсарлықтарымен, олардың қанымен келгенін естен шығармаңыздар!
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Би:
Жүргізуші:
Рәміздерім елдігімнің белгісі. Білу керек балаға дейін ең кіші. Гимн, көгілдір Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білсін әр кісі .
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар:
Жүргізуші: Балалар, біздің рәмізідерімізді атайықшы:
Балалар: Елтаңба, Ту, Гимн
Жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болсын қашанда ,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын! - осыменен «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды! Еліміз тыныш, туымыз әрқашанда биікте желбірей берсін!