Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік тұғырым»

15.12.2022

Мақсаты: Балаларды  өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

 

Тәрбиеші:

            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
            Келеміз замананы алға сүйреп.
            Бүгін де тұр біздерге
            Жер бетінде
            Азаттық,
            Бейбітшілік арқа сүйеп.  

 Шаттық шеңбері:

                            Ашық болсын күніміз,

                            Биікте тұрсын туымыз.

                            Тату-дос боп халықтар,

                            Бақытты болсын балалар

Тәрбиеші:

 Балалар, айтыңдаршы “Отан” дегеніміз не?

Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Тәрбиеші: - Балалар, ҚР рәміздеріне не жатады?

Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

-Тәуелсіз еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып сайланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді. Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті.

-1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті. Сол жылдары 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.

 

-1986 жылға Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков.

(13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы) 

-1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды.

-1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітіреді.

-1984 – 86 жылы Белогор қаласында әскери міндетін өтеді.

-1986 жылы тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының көтерілісіне белсене қатысты.

-21 мамыр  1988 жылы  22 жасында Семей түрмесінде құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

 

- Асанова Ләззат Алтынайқызы  27.07.70 ж  Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген.

-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.

-1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен.

Сол Желтоқсан көтерілісінің алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

-25.12.86 жылы Алматыда қаза тапқан.

 

- Ербол Сыпатаев – Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген.  Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті.  Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

 

-Қайрат, Ләззат, Ербол сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Ән: «Менің Отаным»

Тәрбиеші: Ендігі кезекті балаларға берейік. Ортаға тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтуға балалар шығады.

Тілек

Отан деген – атамекен

Отан деген -туған жер

Отан ана,Отан пана

Қазақстан туған ел

 

Алинұр

Отан тарих,Отан тіл

Жасаған елің,ер халқың,

Отан өлең,отан жыр

Көтерген көкке ел даңқын

 

Айсұлтан

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан-өлкең астанаң,

Отан-аудан,ауылың

 

Айжанар      

Отан-жерім,

Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді  

Қымбат:

Отан-ұран.

Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді 

Нұрасыл:

Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел

Медина

Біз  жас-ұлан отан өркені

Үміт артқанболашағы  ертеңі

Тәуелсіз елдің  даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені

Дильнара

Отан-анаң аяулы

Отан-әкең  ,ақылшың

Отан-асыл арманың

Аялаған өз елін

Тәрбиеші:

Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

 

Осымен 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст