Тақырыбы:«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәу ету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: Желтоқсан оқиғасының құрбандары Л.Асанова мен Қ.Рысқұлбековтың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
ҰОҚ барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәрінеде ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының гимнмен бастайық.
ҚР Гимн орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді. Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел –
Қазақстан
Біздің еліміз қалай аталады?-Қазақстан
Қазақстан сөз-қалай аталады:
Қ-Қазвғым аман болсын
А-Азамат боп мен ертен,Отанға кызмет етемін
З-Заманымыз тыныш болсын.
А-Аспандағы күніміз жарқырай берсін!
Қ-Қыран құстай биік болайық
С-Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т-Табиғатты аялайық.
А-Аман болсын Елбасымыз.
Н-Нанымыз көп болсын!
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің еліміз осы күнге дейін Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
2.Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Ән: «Отан-Ана»
Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайық
16-желтоқсан
Аяулым.
Төуелсізді алған күн
Мерекеде ел куанып
Шаттанып ән салған күн
Айлана:
Мерекеге шығады
Бүкіл халық,біліп қой
Отандастар ұгады
Тәууелсіздік-ұлық той.
Аделя:
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуеелсіздік жасаған
Аға,Әпкелеріміз.
Медина:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз
Еске алу…
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, айтық. Бүгінгі іс қызметіміз өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.