Тәуелсіздік тұғырым
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Жүргізуші:Қазіргі елбасшымыз кім?
Балалар: Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлы
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан Нұрәлі
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді Аяулым
Елдігімнің – реңі,
Теңдігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым – арай таным! Дінмұхаммед
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры Айару
Өзіңдікі туыңда
От пен ауа,суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да! Жандарбек
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген
Азатты елдің ұлымын
Теңескен төбем көкпенен. Ақбота
Балабақша серпін нық,
Көкке атанды бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік. Еркежан
Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу. Рамазан
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі. Ақтөре
Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!
Би «Алға Қазағым»
Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
- Балалар рәміздерімізді кім атап береді?
Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан.
Тақпақтар
Әнші балапандарымыздың «Туған өлкем » әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай - деп
«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар!
Тәрбиеші:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатты тамашалағандарыңызға рахмет!