Балабақшада салауатты өмір салтын бүлдіршіндер мен қызметкерлер арасында насихаттау іс-шарасы ретінде қараша айының 8 жұлдызында балабақшада қызметкерлер арасында спорт жарысы "Көңілді жарыстар" болып өтті.Жауапты дене шынықтыру мұғалімі Ашимов Асхат Жанболатұлы қызметкерлерді 2 командаға бөліп,әр түрлі спорт эстафеталарын өткізді.Спорт жарысын жалпы дамыту жаттығуларын орындаудан бастады.Қызметкерлер жарыста өздерінің спортқа көзқарасын білдіріп,өздерінің салауатты өмір салтын қолдайтындарын іс жүзінде көрсетті.Тәрбиеленушілеріміз өз апайларына қолдау көрсетті.Өткен спорт жарысы тәрбиеленушілерімізге де қызметкерлерге де көтеріңкі көңіл күй жұмыс аяғына дейін сыйлады.