Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз мезгілінің ерекшеліктері»

25.11.2022

Күні: 24.11.2022

Топ: Ортаңғы топ

Тақырыбы: «Күз  мезгілінің  ерекшеліктері»

Мақсаты: :  Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшеліктерін айтуға үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл  байлығын дамыту. Жемістер мен көкөністерді  ажыратуға,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер,

мнемокесте,жапырақтар,көкөністер мен жемістердің суреттері.

Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,қимылды ойын, сұрақ- жауап.

Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз  орнымыздан тұрып амандасайық.

Шаттық шеңбері:

 Сәлем,сәлем  көздерім

Сәлем,сәлем  құлақтарым,

Сәлем ,сәлем беттерім,

Сәлем,сәлем  қолдарым,

Сәлем,сәлем  аяқтарым,

Сәлем,сәлем достарым,

Сәлем, сәлем  қонақтар!

 

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті:( жәй музыка ойналады)

-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде  жел соғып,жаңбыр жауа бастайды.  Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Ал балалар жан-жағымызға қарайық жаңа жел соққан кезде бізге жапырақтар ұшып келіпті,кәне бәріміз келіп жапырақтарды жинап алайық.

(Балалар келіп жапырақтарды жинайды).

Тәрбиеші: Жұмбақ жасырады.

Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл,
Күзде сары.
Ол не?
Балалар: Жапырақ.
Тәрбиеші: Балалар,бұл  жапырақтар жәй жапырақтар емес,сиқырлы жапырақтар екен.Бұл жапырақтарды бізге жел ұшырып әкелді және осы жапырақтар арқылы бізге тапсырмалар беріп жіберіпті. Ал біз бұл тапсырмаларды  бүгінгі іс-әрекетімізде орындаймыз,сендер  дайынсыңдар ма?

Балалар: иә

1-жапырақ:Үстел үсті ойыны: «Күз» мезгілін құрастыру,сурет бойынша әңгіме құрастыру.

2-жапырақ: Дидактикалық ойын:"Жапырақтарды пішініне қарай орналастыр"

Шарты: Дайын тұрған суреттерге әр түрлі пішінді жапырақтарды тауып орналастыру.

3-жапырақ:Қимылды ойын: «Пішіндер»

Шарты:Орындықтарда пішіндер жабыстырылған ,тәрбиеші кубикты лақтырады қай пішін түседі балалар сол пішінге барып отыру керек,шапшаңдыққа,жылдамдыққа баулу.

Тәрбиеші:Балалар желдің  сендерге жіберген ойындары мен тапсырмалары әлі біткен жоқ ,тағы бір ойын ойнайық.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

4-жапырақ: Дидактикалық ойын: «Жемістер  мен көкөністердің  қатарын толықтыр»

Шарты : Жемістер мен көкөністерді ажыратып өз қатарына қою.

5-жапырақ: Саусақ ойыны: Екі саусақпен сызық бойынша жүріп өту.

6-жапырақ: «Күзгі ағашты безендір»

Шарты: Жапсыру  және ермексазды жағу әдісі арқылы күзгі ағашты

безендіру.

Сергіту сәті:Қимылды ойын: Көңілді шарлар

Шарты: Балалар бірінің артына бірі орындыққа отырып шарларды екі қолына алып бір –біріне береді.

7-жапырақ:  «Мнемокесте» арқылы тақпақ жаттау.

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

8-жапырақ: «Күз мезгілінің  ерекшеліктерін атап шық»

Шарты: Күз мезгілінің белгілерін тауып тақтаға жапсыру және әңгімелеп беру.  Осы ойын  арқылы іс-әрекетімізді қортындылаймыз.

Балалар бізге жел жіберген тапсырмаларды толық орындадыңдар!

Жарайсыңдар ,сау болыңдар!

Просмотров: 866


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст