Өткізілетін жері Спорт зал
Күні: 18.11.2022ж
Тәрбиеші: Амирова Г.Е
Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс –әрекеті: Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың допты меңгеруін арттыру ойыны мәдениетін қалыптастыру. Жылдамдық күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Ұйымшылдыққа , батылдыққа тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: балықтар, әр- түрлі пішіндерден жасалған маталар.
Көрнекіліктер: Талдардың суреттері.
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Біз қонақтармен амандасып алайық.
-Балалар: Сәлеметсіздерме.
- Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар : Күз
-Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Төрт жыл мезгілін сурет арқылы көрсету. Балалар бүгін біз керемет, ғажайып « Спорт әлеміне» саяхатқа барамыз. Алдымен балалар бәріміз денемізді қыздырып алайық.
Көңілді ойын.
-Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар.
Ал балалар паравоз болып жүріп барайық қимылды ойынымызға.
Қозғалмалы ойын: Кім жылдам
Ойынның мақсаты: балалар тунель арқылы шығыршықтан өтіп шығу.
Тәрбиеші: Балалар шаршаған боларсыңдар енді түтікше арқылы тыныс алу жаттығуын жасайық.
Балалар орындады.
2.Ойын: «Сиқырлы қабшық».
Мақсаты: балалар қабшықтың ішінен әр түрлі пішіндегі заттарды алып шығып , геометриялық пішіндерден секіріп өтіп себетке салу.
Қозғалмалы ойын: «Балықтарды құтқару»
Мақсаты: Су бетіненен шығып қалған балықтарды , геометриялық пішіндер арқылы секіріп өтіп балықты суға жинау.
-Тәрбиеші: балалар сендерге бүгінгі ойындар ұнадыма?
-Балалар: иә
-Тәрбиеші: біздер қандай ойындар ойнадық?
-Балалар: Балықтар жинадық, геометриялық пішіндерден секірдік.
-Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар. Спорт әлемі сендерге ұнады деп ойлаймын.Ендеше біздің тобымызға қайтуымыз керек? Қане жүрейік. Апайлармен қоштасайық.
- Балалар: сау болыңыздар.