Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 17.11.2022ж
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын бекіту.
Мақсаты: 10 сан көлемінде садық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту,геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,талдау-жинақтау.
Көрнекілік құралдар: Суреттер. пішіндер, таяшалар.
Анасы : Лақтарым, шырақтарым
Анаң келді өрістен
Сүт әкелді, шөп әкелді
Анасы: рахмет. Балалар бізге балабақша қызметкерлері көмек көрсетуге дайын мен сендерге балабақшаға жол көрсетіп жіберейін. Қане , лақтарым жүре қойыңдар.
Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ.Себебі бүгін біздің оқу қызыметімізге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр.Апайларымыз бен достарымызбен, амандасып алайық
Шаттық шеңбері:
Біздер жақсы баламыз
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздерме!
Ал енді оқу қызметімізді бастайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз
Тәрбиеші: Балалар сендер күз айын атап беріздерші?
Балалар: Қыркүйек , қазан, қараша.
2 тапсырма Ешкі мен лақтар нені жақсы көреді?
-Балалар: жемістер , көкөністер
-Тәрбиеші:
Жемістер мен көкөністерден өрнек құрастырып оны санды өрнекпен бейнелеп жазамыз. Алдымыздағы математикалық жолақшаға орнатуымыз керек.
3 тапсырма: Сергіту сәті
4 тапсырма: Балалар сендер білесіңдерме? Бізге лақтар қайдан келді?
-Балалар: орманнан
-Тәрбиеші: әрине орманнан келген екен
Енді ормандағы жануарларды мына суретке дұрыс орналастыруымыз қажет
Балалар біз кеңістікті бағдарлағанда мынадай белгілерді пайдаланамыз.
5 тапсырма: Есту қабілеттерін тексеру . Логикалық ойын.
6 тапсырма: балалар ермексаздың көмегімен таяқшалардан пішіндер жасау.
7 тапсырма: Адасқан сандар.
Тәрбиеші : балалар бүгін біз оқу қызметімізге кімдер келді? Біз оларға қандай көмек бердік?
Балалар: Лақтар
Балалар біз лақтардың жеті тапсырмаларын орындап шықтық.
-Тәрбиеші : лақтар сендер тапсырмаларды дұрыс түсініп алдыңыздарма--Балалар: иә.
-Тәрбиеші: өз беттеріңмен енді тапсырманы орындай аласыздарма?
Балалар: иә . Сіздерге рахмет. Анамыз сендерге сыйлық беріп жіберді . Рахмет
Тәрбиеші : балалар сендерге лақтардың анасы сыйлықтар берген екен . ал енді лақтар кеш батпай тұрып орманға жетіп алсын сау болықдар лақтар.
-Балалар: Сау болыңыздар.