22 қазан 2022 жылы Жалғызқұдық ауылы «Болашақ» бөбекжайында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Күн тәртібінде:
1.Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмыстары;
2.Ата-аналарды толғандыратын әр түрлі сұрақтар.
Қатысқан барлық топтардың ата-аналары -65
Тәрбиеші-педагогтар-11
Өткізілу нысаны:семинар.
Жалпы жиналысты бөбекжай меңгерушісі Бейсембаева Өрік Қабатайқызы ашты.Өрік Қабатайқызы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда болып жатқан жаңалықтармен ата-аналар қауымын таныстырып өтті.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің 01.09.22 жылғы Қазақстан халқына жолдауына тоқтала отырып,Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурызда қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді.
Бейнеролик МДҰ-ғы топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы жайлы көрсетілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнындағы жаңа тәсілдермен таныстыру.
Практикалық бөлім
Тәрбиешілер ата-аналармен қысқаша ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы балалармен жаңаша қалай жұмыс атқарып жатқандарын көрнекілік арқылы түсіндіріп көрсетті.Ата-аналар өздері берілген тапсырмаларды орындады ,өз пікірлерімен бөлісті.Тәрбиеші педагогтар ата-аналармен дидактикалық ойындар ойнады,қимыл ойындарын қолданды,саусақ моторикасын дамыту ойындарын қолданды.
Жиналыс соңында ата-аналармен пікір алмасу және кері байланыс
ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда болып жатқан өзгерістерді қолдайтындарын білдірді.Өз қалаулары мен ұсыныстары тыңдалды.Ұжымымызға шығармашылық табыс тіледі,күрделі жұмыстар өткізілетініне сенім білдіріп тарасты.