Тақырыбы: «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем»
Мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар!
Күз: сәлеметсіздерме балалар!
Бүгін сіздерде ашық тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау, дастархандарың мол болсын !
Тәрбиеші: Бізге қонаққа күздің қазан, айы келіпті.Осы қазан айына сөз берсек.
Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбеккер елді той- думанға кенелтемін.
Балалар қазан айында қандай мерекелерді білесіңдер?
Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика күні.
Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не?
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
Ту, Әнұран, Елтаңба.
Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.
Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.
Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,
Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.
Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,
Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Заман жаңа заң жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Тәрбиеші: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті .
Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады,
Бір бала кері кетіп туады.
Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.
Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге рахмет.
Хор: Елтаңбасы елімнің.
Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.
Қоржын ішіне жасырылған бөлшек суреттерді құрастырамыз
Балаларды мадақтау.
-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.
Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы
Тақпақ айтып жіберейік.
Бала бақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма?
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті балалар осымен Республика күніне арналған
«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.