Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертеңгілік "Қамбасы мол күрең күз"

19.10.2022

                             Қамбасы мол- Күрең күз!

Мақсаты: Күз мезгілінде қандай өзгерістер болатынын түсіндіру. Күзде егістіктен мол өнім жинап алатынымызды түсіндіру. Олардың адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін айтып түсіндіру. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу. Балаларға көңіл-күй сылау.

Музыканың әуенімен залға кішкентай бүлдіршіндер кіреді.

Жүргізуші: Көңілді қоңыл салқын саз жүдетіп,

                      Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.

                      Құлайды жапырақтар құба талдан,

                      Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.

Тосын сый:(ескен жердің уілден әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың

                                 Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

                                 Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

                                Алмақ болып бар халықтың алғысын!

Жүрзізуш: - Қош келдің Алтын күз! Дұрыс айтасыз Күз ханшайымы, -мінекей тағыда айналып күз мезгілі келіп жетті. Мезгілдердің өздеріне тән өзгерістерімен, қызықты кезеңдері бар. Осылардың ішінде өте ерекшесі бұл - күз мезгілі солай ма балалар? Күз мезгілінде табиғат өзгеріске ұшырайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайын жерге  түседі, ауа-райы  салқындайды. Құстар жылы мекендерге ұшып кетеді. Адамда жылы киімдерін киінеді. Жылы киінбесе сырқаттанып қалады. Күз мезгілінің ерекшелігі қамбамыз алтын астыққа толады. Егістіктерімізден мол өнім аламыз. Төрт түлікімізге шөп жинап қыс мезгіліне дайындаламыз.

Шаттандырып біздерді

Сары алтындай күз келді

Теріскендей желдетіп

Жаңбырлатып, селдетіп

Бүлдіршіндердің орындауында «Кап-кап жаңбыр» әнін тыңдаңыздар.

Кап-кап, тук-тук-тук,

Тереземді кім қақты?

Таңертең жаңбыр жауып,

Балаларды оятты                                        Кап-кап, дон, дон, дон

                                                                     Тамшылар тамып жатыр

                                                                     Егер шықсаң далаға

                                                                     Қолшатырды ұмытпа

Кап-кап, тук-тук, тук

Көңілді жаңбыр жауды

Таңертең біз тағы да

Серуендейміз далада

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, сендерге рахмет!

Жүргізуші: Қимылды ойын: «ЖАҢҒАҚТАР мен САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР»

Шарты: арнайы себепке араласқан жаңғақтар мен саңырауқұлақтарды балалар жылдым, шапшаң бөліп жинау. Қай бала бірінші жинады,                                 сол жеңімпаз. (ойын ойналады).

Жүргізуші: Алтын күзге арналған тақпақтар

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзің елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп.                  Медина

 

Күнді көрсе, толғанар,

Бұлтты көрсе, шамданар.

Қысты қазір жолатпа

Тола түссін қамбалар.                 Алинұр

 

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша

Қандай әсем күз.                                    Дильнара

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз                            Нұрасыл

 

Сарғайып жапырақ

Алтынға боялып

Күз келді, күз келді,

Молшылық далада.                            Айжанар

 

Жайдары күз алтын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып тұр                     Айсұлтан

Күз ханшайымы: балалар тақпақтарың жақсы екен, мен қуанып қалдым.

Жүргізуші: балалар сендермен Күз ханшайымы қызықты ойын ойнағысы келіп тұр екен. Ойынның аты: «Дәмін татып-атын ата» деп аталады.

Ойынның шарты: ортаға шыққан баланың көзі байлап, ыдыстағы жемістің дәмін татып, қандай жеміс екенін, дәмі қандай екенін айту шарт,                                          қай бала дұрыс табады, сол жеңмпаз.  (ойын қызықты ойналады)

Жүргізуші: ойын өте қызықты болды, сендерге рахмет.

Теңіздей тербетіле көл бетіне

Бишілер билеп берсе, тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көррсетуде

«Сары жапырақтар» биі қарсы алыңыздар.

Күз ханшайымы: балалар билерін тамаша екен, маған ұнады.

(желдің гуілдеген дыбысы естіледі)

Күз ханшайымы: балалар, желдің гуілін естідіңдерме? Менің бауырларым шақырып жатыр. Баалар сендер өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріне риза болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуларыңа тілектеспін. Арнайы сендерге әкелген мына жемістерден алыңыздар.                                                    Қош сау болыңдар!       (желдің дыбысымен шығып кетеді)

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге көп-көп рахмет, осыншама молшылықпен келгеніңізге!  Біз сізді жақсы көреміз.

Осымен «Күншуақ» тобы бүлдіршіндерінің «Қамбасы мол-Күрең күз» атты шағын ертеңгілігі аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар.

Келгенше жыл айналып.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст