Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ормандағы алтын күз" ертеңгілігі мектеп алды даярлық тобы "Қарлығыаш"

17.10.2022

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері және т. б.
Тәрбиеші:
Қуандырып біздерді
Мереке келді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Ормандағы Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.. «Қарлығаш»  мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық! (әуенмен қолдарында жапырақтары бал балалар залға кіреді)

Тәрбиеші:

 Жапырақтар сап - сары
Қонып жатыр жерге кеп
Қызықтап бау - бақшаны
Шаттанады бал - бөбек.
Ендеше балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көрелік

Тақпақтар
- Ия балалар дұрыс айтасыңдар табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары Алтын күзіміз тағы келді. Олай болса балалардың орындауындағы «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Алтын күз»

Әннен кейін орманнан бір дыбыс естіледі.


Тәрбиеші:- Балалар бір дыбысты естідіңдер ме? Бұл орманда өмір сүретін Орманшы ата. Ол орманды қарауылдап қорғап жүреді. Біз қазір атадан тығылып қалайық.

Балалар қоладырыңдағы жапырақтарымен жасырынып отырады. Қолында сапырғышы бар Орманшы ата келеді. ол жердегі жапырақтарды сыпырып жүреді.
Орманшы ата:- Ох, менің жұмысым көп, талдардан көп жапырақтар түсіпті. Орманның ішін тазалап сыпырып қояйын.
Сыпырғышымен балаларды жапырақ екен деп сыпырады. Балалар әр жерде үйінді болып отырады. Орманшы ата сыпырып болғаннан кейін демалып отырады.
Орманшы ата:- Міне барлық жерді сыпырып тазаладым, енді кішкене демалып ұйықтап алайын
Орманшы ата ұйықтап қалады, осы кезде желдің дыбысы естіледі, балалар қайтадан жарты шеңберге тұрып жапырақтарына жасырынып қалады. Орманшы ата оянады.
Орманшы ата:- Ой, ой, ой жапырақтар қайтадан шашылып қалыпты ғой. Тағыда сыпырып тастайын.
Сыпырғышымен сыпырады. Балалар әр жерге үйінді болып отырады. Орманшы ата сыпырып болғаннан кейін тағыда демалып отырады. Орманшы ата ұйықтап қалады, осы кезде желдің дыбысы естіледі, Балалар қайтадан жарты шеңберге тұрып жапырақтарына жасырынып қалады. Орманшы ата оянады.
Орманшы ата:- Бұл не деген сұмдық, тағыда жапырақтар шашылып қалған ба? А, бұлар жапырақтар емес, жапырақтардың астында жасырынып отырған балалар екен ғой.(Балалар тұрады) Ох сендер ме? Не істеп жүрсіңдер менің орманымда.
Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, Орманшы ата! Ренжімеңіз бізге. Біз орманға күзгі орманды тамашалауға келдік..
Тәрбиеші:- Көрдіңіз бе Орманшы ата? Біздің балалар өте көңілді әрі епті, жылдам және менің балаларым сізге «Саңырауқұлақтар» биін билеп береді.

Би «Саңырауқұлақтар»

Орманшы ата:- Өте жақсы өнерлі балалар екен, көрініп тұр бәріде ақылды сияқты.
Ал, мен әрі қарай ормандығы жұмысымды атқарайын. Сау болыңдар балалар!
Рахмет сізге.
Орманшы ата шығып кетеді.
Тәрбиеші:- Олай болса балалар күз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Тәрбиеші:- Олай болса сонау алыстан Күз ханшайымы келіпті.
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар
Балалар: Салеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге сонау алыстан «Қарлығаш» тобына арнайы келдім. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ма?

Балалар: Ия
Тәрбиеші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет. Біздің балалар әнде, тақпақта, биде билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы: Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би - билейік ойнайық.

Би: «Қош енді күрең күз»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар.  Маған билерің ұнады
Менің сендермен  ойнағым келіп тұр. Балалар менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия

Күз Ханшайымы:   Ендеше ойынымызды бастайық.

Ойынның аты  « Көкөністерді ажырат»

Күз ханшайымы: Балалар ойын ұнады ма?
Балалар: Ия

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:
Берекелі бақ - дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар : Қош болыңыз Күз ханшайымы
Тәрбиеші:   Балалар бізге аналарымыз қонаққа келді ғой олармен де ойын ойнайық
Ойынның аты : «Кім жылдам»  Ата –аналармен ойын ойналады.

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс - жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт - береке тілеймін!

 

 

 

 

 

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст